Көкшетауда төтеншеліктер көліктегі өртті 5 минутта сөндірді
17.08.2025 22:35
Фото:
Ақмола облыстық ТЖД
Көкшетауда төтеншеліктер жанып жатқан жеңіл көліктегі өртті шақырту түскен сәттен бастап 5 минут ішінде өртті толық сөндірді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Оқиға Станционный кентіне бұрылыста болған. Жеңіл автокөліктің мотор бөлігі өртенген. Өрттің жалпы аумағы шамамен 2 шаршы метрді құрады.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.

