Төтенше жағдайлар министрлігі

Көкшетауда тауға шыққан ер адамға шұғыл көмек қажет болды

11.08.2025 00:19

Ақмола облысы Бурабай ауданындағы Көкшетау тауына шыққан ер адам өздігінен түсе алмаған. 1991 жылы туған ер кісі өзін нашар сезінген, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Тауға шыққан тұрғынға құтқарушылар көмекке келді. Төтеншеліктер ер адамды төмен түсіріп, жедел медициналық жәрдем бригадасына табыстады.

Осы ретте ТЖМ тауға шықпас бұрын өз тәжірибеңіз бен физикалық мүмкіндіктеріңізді ескере отырып маршрутты жоспарлау қажеттігін еске салады.