Видеодан кадр

Көкшетауда құрылыс вагоны өртенді

03.12.2024 02:19

Ақмола облысының орталығы Көкшетауда құрылыс вагонында өрт шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Облыстық ТЖД мәліметінше, қызыл жалын 4 шаршы метр аумақты шарпыған. Оқиға орнына шұғыл жеткен төтеншеліктер өртті дер кезінде сөндірді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.