Жаңалықтар

Көкшетауда Қопа көлінің жағалауы бойында жол құрылысы басталды

Көкшетауда Қопа көлінің жағалауы бойында жол құрылысы басталды
Фото: Ақмола облысы әкімдігі 11.06.2024 03:25 577

Көкшетауда бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында Кенесары көшесінен қан орталығына бұрылғанға дейін Қопа көлінің жағасында автожол құрылыс жұмыстары басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әкімдіктегілер аталған жобаны жүзеге асыру көлік инфрақұрылымының дамуына әсер етіп, негізгі көшелердегі көлік ағынын жеңілдетеді және жалпы қаланы көркейтеді деп отыр.
Компания жол салумен қатар абаттандыру, жарықтандыру, веложол, су бұру арналары мен көгалдандыру жұмыстарын да жүргізеді.

Бүгінде арнайы техника – экскаваторлар, бульдозер, жүк тиегіш және самосвалдар алаңды тазалап жатыр. Бұл жұмыстарға 60 адам жұмылдырылған.

Жыл соңына дейін мұнда келушілердің демалысы үшін жаңа орын пайда болады. Жазда белсенді спортпен және балық аулаумен айналысуға болады, ал қыста коньки тебуге болады.

Жұмыстың басталуымен облыс әкімі Марат Ахметжанов танысты.

«Алтынтау Көкшетау» АҚ бас директоры Игорь Когайдың айтуынша, жұмыс тоқтаусыз, арнайы кесте бойынша жүргізілмек. Көкшетау қаласының әкімдігімен инженерлік желілерді алып тастау бойынша кеңестер өтті. Аяқтаудың болжамды мерзімі – қараша айының ортасы.

Жұмыс бір секундқа да тоқтап қалмауы керек. Сондай-ақ халықпен тұжырымдаманың қоғамдық тыңдауын өткізу қажет. Ең алдымен, бұл адамдар үшін болуы керек. Олардың ыңғайлылығы мен жайлылығы үшін, - деді облыс басшысы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға