©El.kz/Арман МҰХАТОВ

Көкшетауда психотроптық зат сатпақ болған елорда тұрғыны ұсталды

Көкшетауда есірткі құралдарын тікелей байланыссыз тәсілмен тарату үшін Көкшетау қаласына арнайы келген 23 жастағы Астана тұрғынын ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мефедрон психотроптық заты бар 17 түйіншекті тәркіледі. Сонымен қатар ұсталған адам жедел қызметкерлерге есірткіні құпия орындарға жасырып үлгерген жерлерді көрсетті.

Оқи отырыңыз:

Нәтижесінде жігіттен салмағы 20 граммнан асатын 20 түйіншек және ұялы телефон тәркіленді.

ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Күдікті Көкшетау қаласындағы УҰИ-ға қамалды.