Көкшетауда пәтерде қамалған кішкентай екі бала құтқарылды
05.12.2023 23:26
Фото:
Бейнежазбадан скриншот
Көкшетау қаласында екі бала пәтерде қамалып қалып, құтқарушылардың араласуымен сыртқа шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ТЖМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Құтқару қызметіне 2020 және 2022 жылдары туған екі бала пәтерде қамалып, өздігінен шыға алмай қалғандығы туралы шақыру келіп түскен. Осыдан кейін құтқарушылар жедел шақыру орнына келіп, есікті ашып берді. Оқыс оқиғадан балалар зардап шеккен жоқ.
Осы ретте ТЖМ қайғылы жағдайды болдырмау үшін балаларды ешқашан үйде жалғыз қалдырмауды еске салады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

