Көкшетауда өрттен балаларды құтқарған жандарға құрмет көрсетілді
25.10.2025 21:46
Фото:
ТЖМ баспасөз қызметі
Ақмола облысы Біржан Сал ауданының Үлгі ауылында болған өрт кезінде балаларды құтқару барысында ерлік көрсеткен азаматтарды марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Бақытжан Алашов ТЖ министрі Шыңғыс Әріновтің атынан Ерлан мен Мирас Тоқсанбаевтарға, сондай-ақ Злата Черкасскаяға «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалін табыстады.
Әке мен бала Тоқсанбаевтар өрт кезінде үш баланы аман алып шығып, екі газ баллонын сыртқа шығарып үлгерген. Ал Злата Черкасская өрт басталған сәтте ең бірінші болып інісін құтқарған.
ТЖД бастығы Бақытжан Алашов марапаттау кезінде бұл азаматтардың ерлігі мен әрекеттері нағыз қаһармандық пен адамгершіліктің жарқын үлгісі екенін атап өтті.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

