Көкшетауда көпқабатты үйде өрт шығып, 28 адам эвакуацияланды
28.09.2025 20:31
Фото:
Төтенше жағдайлар министрлігі
Көкшетауда бес қабатты тұрғын үйде өрт шықты. Оқиға бүгін, 28 қыркүйекте кешкі уақытта Назарбаев даңғылы бойында болған, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Өрт 4-қабаттағы балконда басталып, кейін жоғарыдағы 5-қабаттың балконына тараған. ТЖМ бөлімшелерінің уақытылы әрекет етуінің арқасында өрт тез арада сөндірілді. Жоғарғы қабаттарға су беру үшін өрт сөндірушілер автосатыны қолданды, бұл өртті сырттан тиімді сөндіруге мүмкіндік берді.
Өрт сөндірушілер түтін аймағынан баспалдақ маршымен 28 адамды, оның ішінде 8 баланы эвакуациялады. Зардап шеккендер жоқ.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

