Жаңалықтар

Көкшетауда болашақ саясаткер әйелдерге арналған тренинг өтіп жатыр

Көкшетауда болашақ саясаткер әйелдерге арналған тренинг өтіп жатыр
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі 03.08.2024 06:28 679

Көкшетауда еліміздің саяси өміріне белсенді араласуға ынталы әйелдерге арналған үш күндік тренинг басталды, деп хабарлайды Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.

Тренинг ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен Қазақстандағы «БҰҰ-әйелдер» құрылымы ұйымдастырды.

Шеберлік сабақтары әйелдердің саяси белсенділігі мен көшбасшылық қасиеттерін арттыруға бағытталған.

Тренингте сайлауға қатысқан немесе болашақ сайлау науқандарына қатысуды жоспарлап жүрген әйелдер, ҮЕҰ басшылары, азаматтық қоғам белсенділері дәріс алуда.

Бағдарламаға интерактивті сабақтар, шеберлік сыныптары және практикалық семинарлар кіреді. Қатысушылар өздерінің біліктілігін арттыруға және белсенді саяси қызметке атсалысуға мүмкіндік алады.

Ведомстводағылар бұл үрдіс әйелдердің билік органдарындағы өкілдігін нығайтуға және аймақ пен елдің дамуына белсенді араласуына ықпал етеді деп отыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға