Көкшетауда ағаш шеберханасында өрт шықты
09.11.2024 09:07
Фото:
Төтенше жағдайлар министрлігі
Көкшетауда ағаш шеберханаларының бірінде өрт шықты. Оқиға Сүлейменов көшесінде болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Шеберхананың пеш жағу бөлмесінде өрт шыққан. Өрт сөндірушілер шақырту түскен сәттен бастап 26 минут ішінде қызыл жалынды сөндірген. Өрттің таралуына жол берілмеді. Өрт 10 шаршы метр аумақты шарпыған.
Зардап шеккендер жоқ, оқиғаның себебі анықталуда.

