Жаңалықтар

Көкшетауда 100 мың теңгеге жүргізуші куәлігін сатқандар ұсталды

Көкшетауда 100 мың теңгеге жүргізуші куәлігін сатқандар ұсталды
Фото: Видеодан кадр 13.10.2023 09:31 1286

Көкшетауда полицейлер жүргізуші куәлігін заңсыз беру фактісін анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық полиция департаменті ішкі қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері Көкшетау қалалық ХҚКО қызметкерлерінің қылмыстық әрекеттерінің жолын кесу бойынша жедел іс-шаралар жүргізді. Осылайша, емтиханнан нақты өтпей, 100 мың теңге ақшалай сыйақыға жүргізуші куәлігін заңсыз беру фактісі анықталды.

Қыркүйек айында Назарбаев даңғылы мен Әшімов көшесінің қиылысында делдал ақша аударып жатқан жерінде полицейлер қазір қатысы бар-жоғы анықталып жатқан адамды ұстады. Жеке тінту кезінде ұсталған азаматтан 440 мың теңге тәркіленді.

Сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға