Жаңалықтар

Көкшетауда 10 жастағы бала өрт шыққан үйден інісін алып шыққан

Көкшетауда 10 жастағы бала өрт шыққан үйден інісін алып шыққан
Фото: ТЖМ 02.07.2024 17:25 505

Ақмола облысы ТЖД-да көрсеткен қайсарлығы үшін Артур Гаитовты марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Артур Гаитов өзін батыр деп санамайды, алайда олардың үйінде болған өрт кезіндегі әрекеттері құрметке ие. Төтенше жағдай орын алған кезде, ол абдырап қалмай, бірден үйдегі электр қуатын өшіріп, өрт сөндірушілерді шақырған, кейін бір жасар інісін қолына алып, терезеден шығып кеткен. Футбол ойнап аяғын жарақаттап алған ол сол кезде гипспен жүрген.

Ақмола облысы ТЖД бастығының орынбасары Асхат Акильжанов ТЖ министрінің жарлығымен 10 жасар батырға «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалін табыстады. Айтпақшы, оқушы болашақта құтқарушы боламын деп шешті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға