Жаңалықтар

Көкшетау өңіріндегі туризм қай деңгейде

Көкшетау өңіріндегі туризм қай деңгейде
Фото: Ақмола облысының әкімдігі 29.05.2024 06:31 569

Ақмола облысында туризмді дамытудың жай-күйі мен келешегі мәселелері қаралды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Туризм басқармасының басшысы Андрей Подгурскийдің айтуынша, өңірде стратегиялық бағыттарға бағытталған 3 базалық аймақ белгіленген.

Бұл – Бурабай, Зеренді, Ерейментау және Қорғалжын аудандарындағы емдеу-сауықтыру және рекреациялық орталықтары. Елорданың жанында Аршалы, Целиноград аудандары мен Қосшы, Ақкөл қалаларында, сондай-ақ, Біржан сал, Бұланды және Сандықтау аудандарындағы орталықтар табиғи ландшафты нысандар, - деді басқарма басшысы.

Сондай-ақ, облыста қонақтар үшін 600-ден астам туристік кәсіпорын жұмыс істейді. Статистикалық мәліметке сәйкес, 2023 жылдың қорытындысы бойынша ішкі туристік ағын 1,3 миллион келушілерден асты, оның 18,2 мыңға жуығы шетелдік туристер.

Спикердің айтуынша, облыстың ішкі туризмнің дамыуына Бурабай курорттық аймағы зор үлес қосуда. Елімізде туризм саласы Ақмола облысында қарқынды дамып келеді.

Өңірдегі туризмді дамытудың перспективалы бағыттарының бірі бірегей табиғи әлеуетінің болуымен және ыңғайлы логистикалық байланыстарымен ерекшеленетін Ақкөл өңірі болып табылады. Соңғы жылдары бұл өңірде келешегі зор инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Бұл болашақта туристерді тартудың қосымша нүктесіне айналмақ.

Жиында абаттандыру мен санитарлық жағдайға қатысты түйткілді мәселелер мен оларды шешу жолдары сөз болды. Сондай-ақ, жол бойындағы қызмет көрсету нысандары мен санитарлық-тұрмыстық нысандарды жақсарту және көбейту мәселелері қаралды.

Отырыс қорытындысы бойынша облыс басшысы жауапты мемлекеттік органдардың аумақтарды абаттандыру және санитарлық тазалау бойынша жұмысының талапқа сай еместігін атап өтіп, туризм бойынша барлық көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз етуді, инвестиция тарту, инфрақұрылымды енгізу және тұрғындарға қызмет көрсетуді жақсарту бойынша жұмысты жандандыруды тапсырды.

Бурабай шипажайы өңіріміздің танымал брендіне және еліміздің туризм секторындағы даму флагмандарының біріне айналды. Туристік ағынның жоғары болуы бірінші кезекте абаттандыру және санитарлық жағдайға байланысты бірқатар мәселелер анықталды. Осы фактілердің барлығы келген туристердің шағымын аңғартады. Шағымдар бұқаралық ақпарат құралдары беттерінде, әлеуметтік желілерде жарияланып отырады. Мұндай жағдайларға жол берілмеуі тиіс, - деп айтты М.Ахметжанов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға