Кофе жайлы бірер дерек
30.06.2014 10:27
12195
Кофе – ең сұранысқа ие сусындардың бірі. Қайталанбас исі мен тіл үйірер өзіндік дәмінің бойында өзіне тән құпиялары мен қағидалары бар. Оның тек пайдалы әрі керемет дәмін ғана емес, көлеңкелі, яғни зиянды тұстарын да білуіміз абзал. Бұл мақала сізді бұрын соңды кофе атаулысынан бейхабар күйден біраз қажетті ақпаратқа қанықтырады.
- Кофені тек дәстүрлі түрде ыстық күйінде ғана емес, мұздатып та ішетін жандар кездеседі. Бірақ, суытылған түрі емес, онда тағы да мұз салып та тұтынатын кездер болады. Мұндай әдісті пайланатындар ыстық әрі қапырық далада өзін жеңіл сезінеді.
- Егер де дәмі тіл үйірер кофеиннен дәм татып, нәтижесінде жақсы әсер алғыңыз келсе, араластырылған емес, қайнатылған кофені қолдануға кеңес береміз. Себебі, қайнатылған кофенің құрамында кофеиннің мөлшері екі есе болады.
- «Орысша дайындалған кофе» - кофе дайындау әдісінің әйгілі түрі. Бұл сусынға арақты қосу әдетке айналған. Бір қызығы, бұл кофені жасау әдіс – Ресейден емес, Германиядан бастау алған.
- Америка Құрама Штаттарында ең көп кофені тұтынатын адамдар тұрады. Дәл Америкада қайталанбас дәмі бар кофені өсіреді. Бұған себеп – бұл сорт өнімдерін Гавай вулкандар етегінде өсіреді.
- Ең қолжетімсіз және бағасы тым қымбат кофенің түрі – Kopi Luwak деп аталады. Ол – Суматра аралында өседі. Кофе тұқымдары жинап алынып жыртқыш аңдарға тамақ орнына ұсынады. Жануардың асқазанында кофе тұқымы қайнатылып, әдеттегі жолымен шығып отырады. Бұл өсімдерден өндірілген кофенің килограммы – 1000 евро тұрады екен.
- Кофе дайындаудың сан түрлі әдістері бар. Ең пайдалысы – Скандинавиялық әдіс болып табылады. Оның ерекшелігі – қайнатылуында екен.
- Көпшілігінің білуінше, жақсы кофе – араққа сылқия тойғандардың есін жақсы жиғызады деген қауесет бар. Ішімдікпен бірге бұл сусынды тұтынбауға кеңес береміз. Себебі, ішімдіктен кейінгі мастықты кофе атаулысы одан әрі ушықтырып зиян келтіруі ықтимал.
- Тіпті адамның қызығушылығын оятатын түрлі қызықты кофе дайындау әдістері бар. Оның ішінде май , тіпті бұрыш пен сарымсақ қосылған түрлері де бар.
- Бір стақан кофеден бір мезетте көңіл күй өзгере түсіп , сергітеді деген сөз – жай ғана ойдан шығарылған өсек екен. Оған себеп – кофеиннің ми қабатына әсері тек ішкеннен 30 минуттан кейін байқалады. Сергіткіш әсер 2 сағаттан – 6 сағатқа дейін созылады.
- Егер де сіз гастроэнтологиялық ауруға шалдықсаңыз, демек кофеин атаулысын пайдалануға түбегейлі тыйым салынады. Кофе асқазандағы кислота мөлшерін асыра көбейтіп жібереді екен. Оның салдарынан гастрит, панкреатит секілді аурулар пайда болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Кубадағы жерасты қала
Келесі жаңалық
Ақмола облысында заманауи дәрігерлік амбулатория ашылды