pixabay.com

Климаттық апат қаупі: ғалымдар адамзаттың қанша уақыты қалғанын айтты

30.07.2025 11:44

Адамзатқа климаттық апаттан сақтану үшін небәрі үш жыл қалды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Бұл туралы Live Science порталы жариялаған жаңа ғылыми зерттеуде айтылды.

Зерттеу нәтижелері бойынша, егер көмірқышқыл газының (CO₂) атмосфераға таралуы қазіргі қарқынмен жалғаса берсе, ғаламдық орташа температура 1,5°C шектен асып кетеді. Бұл шек — Париж келісімі аясында белгіленген ең жоғары рұқсатты көрсеткіш.

Не болады, егер 1,5°C шек бұзылса?

Ғалымдардың айтуынша, бұл шектен асу экожүйелердің күйреуіне, теңіз деңгейінің көтерілуіне және құрлықтың көп бөлігін су басу қаупіне әкеледі. Әсіресе жағалауда орналасқан елдер мен арал мемлекеттері зардап шегуі мүмкін.

Қазірдің өзінде температура 1,2°C-қа артқан

Жер шарының орташа температурасы индустрияға дейінгі дәуірмен салыстырғанда 1,2°C-қа жоғары. Бұл — адамзат әрекетінің тікелей салдары. Ғалымдар жер бетіндегі жылудың негізгі бөлігін мұхиттар сіңіріп жатқанын айтады. Бірақ бұл жылу алдағы онжылдықтарда қайтадан сыртқа шығып, парниктік әсерді күшейтеді.

Ғаламдық жылыну Жердің айналуына да әсер етуде

Зерттеуде ерекше назар аударылған жайт — Жердің айналу жылдамдығының бәсеңдеуі. Себебі мұздықтардың жаппай еруі планетаның пішінін өзгертіп, экватор аймағында су массасын арттырады. Нәтижесінде Жердің экваторлық бөлігі кеңейіп, айналуы баяулайды. Бұл — тәуліктің қысқарып жатқанын білдіреді.

2070 жылға қарай кей аймақтар өмір сүруге жарамсыз болуы мүмкін

Бұған дейінгі зерттеулерде ғалымдар 2070 жылға қарай Бразилия, Амазония және тропикалық елдердің кейбір бөліктері қатты ылғал мен ыстықтың әсерінен тіршілікке жарамсыз болып қалуы мүмкін екенін болжаған. Бұл — климаттық апаттың адамзат үшін қаншалықты жақын екенін көрсетеді.