Қызылорда облысы туралы қызықты деректер
04.01.2017 10:32
33174
- Қызылорда – еліміздегі күріш өсіретін жалғыз облыс. Екі мәрте Социалистік Еңбек ері, күріш өсіруші, социалистік егін шаруашылығының даңқты шебері Ыбырай Жақаев дәл осы өңірде дүниеге келген. Ыбырай Жақаев – 1947 жылы өзіне бекітіліп берілген тәжірибе учаскесінің (5 га) әр гектарынан 172 ц өнім алып, дүниежүзілік рекорд жасаған адам.
- Облыстың жер аумағы – 226 мың шаршы шақырым.
- Қызылорда 1925-1929 жылдар аралығында Алаш автономиялық округінің астанасы болды.
- Республика бойынша ас тұзының 80 пайызы Қызылорда облысы, Арал ауданы, Жақсықылыш кентінде өндіріледі.
- 1961 жылы 12 сәуірде әлем тарихындағы тұңғыш ғарышкер Юрий Гагарин Қызылорда облысы, Қармақшы ауданының аумағында орналасқан «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ғарышқа ұшты.
- Қызылорда облысының аумағында көлемі жағынан әлемде төртінші орында тұрған Арал теңізі орналасқан.
- Облыста өсірілетін ең танымал күріштің сорты «Ақмаржан» деп аталады.
- Қызылорда қаласы ХІІ ғасырда қыпшақ хандығының астанасы, ХІV ғасырда Ақорданың ордасы, ал, ХVІ ғасырда қазақ хандығының орталығы болды.
- Режиссер Рашид Нұғманов түсірген әйгілі «Ине» фильмінде «Игла» Виктор Цой ойнайтын кейіпкер өзінің құрбысын емдеуге Арал теңізіне апарады. Фильмде Аралдың экологиялық жағдайы сөз болады.
- Облыстағы Қармақшы ауданы, Жосалы кентінен 18 шақырым жерде Қорқыт Ата ескерткіші орналасқан. Бұл сәулет өнерінің айрықша үлгісі деуге болады. Өйткені, ескерткіштегі 40 металл түтік жел соққан кезде қобыз сарынымен үндес дыбыс шығарады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
«Құрақ көрпе»
Келесі жаңалық
Атыраулық дәрігерлер алғаш рет жүрекке күрделі ота жасады