Қыздарға арналған лайфхактар
04.01.2017 19:20
- Тырнақты лакпен бояп болған соң, оның тез кебуі үшін қолыңызды суық суға салыңыз. Үш минут ішінде тырнақтарыңыз кеуіп үлгереді.

- Егер, көз бояйтын қарындашыңыз қатты жағылып, көзіңіздің айналасын ауыртар болса, оның ұш жағын біраз уақыт оттың жанына жақындатыңыз. Сонда қарындаштың ұшы жұмсарады.

- Лактың қақпағы оңай ашылуы үшін, оған қарапайым резеңкені тағып қойыңыз. Сонда қақпақ оңайырақ ашылады.

- Тарағыңызға сүйікті иіссуыңызды сеуіп қойсаңыз, шашыңыздан да әрдайым жеңіл, жағымды иіс шығатын болады.

- Тырнағыңызды бояп жатқанда, лакты саусағыңызға да жағып алмас үшін саусағыңызға резеңке орап алыңыз.

- Егер, сізде үтіктейтін тақта болмаса, киімдердің жағасына шаш «үтіктейтін» құралды пайдалануға болады.

- Ерінге жағатын далабыңыз сынып қалса, оның сынған бөлігін оттыққа (зажигалка) жақындатыңыз. Содан соң, сынған бөлікті далапқа қайта жапсырып, 15-30 минутқа тоңазытқышқа қойыңыз.

- Қоңыр қант, зәйтүн майы және балды қосып, ерінге арналған табиғи иісмай жасауға болады.

- Көзге жағатын бояуыңыз тым жылтыр болса, оны түссіз лакқа қосып, су жаңа лак жасап алыңыз.

- Таңертең еш жерге кешікпеу үшін өзіңіздің сүйікті әуендеріңізді қосып қойыңыз. Ең соңғы ән ойналып біткенше, сіз үйден шығуыңыз керек. Бұл сізді бір жағынан тәртіпке үйретсе, екінші жағынан, көңіл-күйіңізді көтереді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

