Жаңалықтар

Кісі өлімі: Бишімбаевты қанша жылға соттайды?

Кісі өлімі: Бишімбаевты қанша жылға соттайды?
Фото: instagram.com/olzhasmamyr 10.11.2023 17:11 1255

9 қараша күні бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелін өлтіргені белгілі. Полиция департаменті іс қозғалғанын мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

Астана мейрамханаларының бірінде өлтірілген әйелдің ісі ҚК 99 бабы 1 бөлігі бойынша тергеліп жатыр, – делінген хабарламада.

Қылмыстық кодекстің аталған бабы бойынша қылмыстық іс басқа адамды қасақана өлтіргені үшін қозғалады. Осы іс бойынша кінәлі деп танылған адам 8-ден 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Айта кетейік, Астанадағы мейрамханалардың бірінде ер адамның әйелін ұрып өлтіргені туралы ақпарат тарады. Кейіннен күдікті ретінде бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев ұсталды. Алдын ала болжам бойынша, ол әйелі Салтанат Нұкенованы соққыға жығып, дене жарақатынан әйел жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға