Жаңалықтар

«Кіші қызым жүректен кетті, ұлым мүгедек»: Бибігүл Төлегенова балалары туралы сыр шертті

«Кіші қызым жүректен кетті, ұлым мүгедек»: Бибігүл Төлегенова балалары туралы сыр шертті
Фото: Видеодан кадр 17.12.2024 11:28 125

16 желтоқсанда аты аңызға айналған опера әншісі, актриса, халық әртісі Бибігүл Төлегенова 95 жасқа толды. Аты аңызға айналған өнер иесі балалары туралы айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өнер иесі 3 баланы дүниеге әкелген. Өкінішке қарай, кіші қызынан 2007 жылы айырылып қалған.

Құдайға шүкір сары қызым бар. Екі қызым, бір ұлым болды. Кіші қызым 2007 жылы жүректен кетті. Жалғыз қызым қалды. Өзі шешеме тартқан. Ұлымның белі ауырып, екінші топтағы мүгедектігі бар. Сол ұлымның Малика деген бір қызы бар. Сол Малика Төлегенова «Астана Операда» директордың халықаралық байланыс жөніндегі орынбасары. Жуықта Біріккен Араб әмірліктеріне әйгілі «Щелкунчикті» апарып қояды. Былтыр өздері сұранып барып еді, биыл арабтар шақырыпты, - деді әнші «ҚазАқпарат» тілшісіне берген сұхбатында.

Айта кетейік, аты аңызға айналған әншінің мерейтойы аясында Қазақстан бойынша 150-ге жуық іс-шара өтті. Концерттер, көрмелер, музыкалық кештер, дөңгелек үстелдер мен конференциялар ұйымдастырылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға