Жаңалықтар

Кіші дәретке жиі шығу нені білдіреді

Кіші дәретке жиі шығу нені білдіреді
Фото: © iStock 09.01.2024 17:01 8141

Орташа есеппен ересек адам күініне 6–7 рет дәретханаға барады. Он реттен артық бару ағзадағы проблемадан хабар береді. EL.kz ақпарат агенттігі кіші дәретке жиі баруыңыздың себебін анықтауға тырысып көрмек.

Қашан көмекке жүгіну керек

Егер мына белгілер байқалса, бірден жедел жәрдем қызметін шақырыңыз:

- несептегі қан;

- кіші дәретіңіз қызыл немесе қоңырқай түсте болса;

- кіші дәретке отырғанда қатты ауырсынуды байқасаңыз;

- ішіңізден немесе бүйрек тұсыңыздан қатты ауырсыну белгісі байқалса;

- кіші дәретті шығара алмай қиналсаңыз;

- несебіңізді ұстай алмайсыз;

- жоғары қан қысымы.

Несеп шығарудағы проблемалар неден пайда болады

Дәретханаға жиі баруымыздың кейбір себептері мыналар:

Кофені көп іштіңіз

Кофе дәретханаға жиі «қуатын» сусынның қатарына жатпайды. Алайда, екі немесе үш стақанын бір-ақ ішсеңіз несеп шығаруда айтарлықтай проблема туындауы мүмкін. Ал егер күн сайын сондай көлемде кофе қабылдап жүрген болсаңыз, бұл проблема сізді айналып өтеді. 

Сіз ащы сусын ішесіз

Алкоголь несепайдатқы сусынның бірі. Ол ағзаға түскен бойда бүйректің ылғалын сақтауға итермелейтін вазопрессин гормонына әсер етеді. Спиртті сусын көп, вазопрессин аз болса бүйрек еркінсиді. Осыдан кейін қанды сүзгіден өткізіп, сұйықтықты ағзадан шығаруға итермелейді. Сонымен қатар, ағзаның сусыздануына алып келеді. Ауыздың құрғауы, бастың ауруы, әлсіздік осыдан шығады.

Сіздің аяғыңыз ауыр

Жүкітілік кезінде әйелдің жатыры үлкейіп, қуықты басады. Ал ол өз кезегінде бір нәрсенің дұрыс емес екенін иесінің есіне сала береді. Жиі дәретханаға бару көбіне үшінші триместрде болады.

Сіз қуықасты безінде проблемасы бар ер адамсыз

Бұл –  қуық пен тік ішектің ортасында тұратын пинг-понгтің шарындай без. Ол бүкіл өмір бойы үлкейе береді. Бір уақыттары тым үлкейіп, қуықты басуы мүмкін. Ол простатит ауруына алып келеді. Бұл қабыну тек жасы келген ер адамдарда болады деген сөз емес. Кейде жас жігіттердің де арасында туындап жатады. Оның айырықша белгілері – жиі дәретханаға бару, іш пен арқаның ауыруы.

Сізде неcеп шығаратын жол мен қуыққа инфекция түсті

Несеп шығаратын жүйеге түскен бактерия қабынуға алып келеді немесе ісік пайда болады. Осыдан қуық зардап шегіп, сізді жиі дәретханаға «жүгіртеді».

Cізде диабет

Жиі кіші дәретке бару диабеттің алғашқы белгілерінің бірі. Ағза бұл кезде қандағы қант деңгейін бақылауда ұстай алмайды. Бүйрек зиянды глюкозаны ағзадан шығару үшін белсенді жұмыс ітей бастайды. Ағзадан сұйықтықтың көп шығарылғанынан адам шөлдей басстайды. Бұл да диабеттің бір белгісі.

Сізде вагинит (әйел кісілерде болатын ауру)

Қынаптың қабынуы осылай аталады. Вагинит кезінде қынаптың қабырғалары ісінеді де, қуыққа қысым түсіреді.

Неврологиялық проблемалар да болуы мүмкін

Шашыраңқы склероз немесе инсульт қуықтың гипербелсенділігіне алып келеді. Бұл қуықтың ара-тұра ішінде сұйықтық болмаса да жиі жиырылуына алып келеді.

Жиі дәретханаға «жүгірсеңіз» не істеу керек

Алдымен өзіңізді бақылаңыз. Күні бойы бірнеше рет кіші дәретке бардыңыз, бірақ еш жеріңіз ауырмаса, бәрі дұрыс деген сөз. Сусын немесе кофені көбірек ішкен боларсыз. Сонымен қатар, кейбір дәрілер несеп айдағыш эффект береді. Егер жағдайыңыз жөнге келмесе терапевтке көрініңіз және өзіңізде бар барлық белгілерді жасырмай айтқаныңыз жөн. Дәрігер сізге қаныңыз мен несебіңізді талдауға жіберуі мүмкін. Ары қарайғы емдеу шаралы талдаудың нәтижесінен соң белгілі болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға