Жаңалықтар

Кіші Аягөз өзенінде көтерілген су деңгейі 100 см-ге төмендеді

Кіші Аягөз өзенінде көтерілген су деңгейі 100 см-ге төмендеді
Фото: Видеодан кадр 26.03.2024 01:10 655

Аягөз қаласында қардың қарқынды еруіне және күннің күрт жылынуына байланысты Кіші Аягөз өзенінде су деңгейінің көтерілгені байқалған болатын. Соңғы келіп жеткен мәліметке сәйкес, су деңгейі 100 см-ге төмендеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жергiлiктi атқарушы органдар Шәкенов және Желтоқсан атындағы екi көшедегі судың деңгейi одан әрi көтеріліп,  арнасынан  асуы жағдайына дайындық мақсатында бөгет салу бойынша алдын алу шараларын жүргізді. Жұмысқа 14 адам, 6 бірлік техника жұмылдырылған.

Қазіргі уақытта үйлерді су басу қаупі жоқ. Судың елді мекендерге одан әрі жайылуына жол бермеу үшін қауіпті аймаққа 400 тонна инертті материал жеткізілді. Жағдай күрделенетін болса, Аягөз қаласы ТЖ бөлімінің күштері мен құралдары толық әзірлікте  тұр, - делінген ТЖМ мәліметінде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға