Кіші Алматы өзені бассейнінде қар көшкінін алдын ала түсіру жұмыстары жүргізілді
10.03.2025 20:00
Фото:
Төтенше жағдайлар министрлігі
Бүгін "Шымбұлақ-Мыңжылқы" автожолы учаскесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ТЖМ "Қазселденқорғау" мамандары Кіші Алматы өзені бассейнінде көшкінді профилактикалық түсіру жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖМ мәліметінше, жарылыс жұмыстарының нәтижесінде 60 000 м³ қар массасының бақылаулы түсуі орын алды. Зардап шеккендер мен қираулар жоқ.
Қар көшкіні автожолды жауып тастаған. "Қазселденқорғау" АГЭТУ күшімен арнайы техниканың көмегімен тазалау жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстарға құрамында 27 адам, 11 техника және 2 кинологиялық есептобы бар Қазақстан ТЖМ барлық қызметтері мен ТЖМ "Қазавиақұтқару" тікұшағы жұмылдырылды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

