Кирилл Кекер «Ордабасы» клубының бас бапкері атанды
26.08.2024 13:55
Фото:
«Ордабасы» ФК
Шымкенттің «Ордабасы» клубы Кирилл Кекерді бас бапкер ретінде ресми таныстырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
45 жастағы маман клубпен келісімшартқа қол қойды және жақын арадағы жаттығуда командаға таныстырылады. Бұған дейін Кирилл Кекер «Қайрат» ФК-ның бас бапкері болып, 76 матч өткізген.
Кирилл Сергеевич, Шымкентке қош келдіңіз! – делінген клубтың әлеуметтік желідегі ресми парақшасында.
Кекер бұл қызметте белорус Александр Седневтің орнын басады. Естеріңізде болса, Седнев «Ордабасының» еурокубоктардағы сәтсіз ойынынан соң қызметінен кететінін мәлімдеген.
Шымкент командасы дәл қазір 30 ұпаймен ҚПЛ турнирлік кестесінде «Қайраттан» кейінгі екінші орында тұр.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

