ҰОК

Кирилл Герасименко әлем чемпионатының 1/16 финалына жолдама алды

20.05.2025 20:00

Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының көшбасшысы Кирилл Герасименко Қатар астанасы Дохада өтіп жатқан әлем чемпионатының 1/16 финалына жолдама алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Отандасымыз жапониялық Хирото Шинозукамен кездескен болатын. Тартысты бәсеке 4:2 есебімен қазақстандықтың пайдасына аяқталды.

Қазақстан ҰОК ақпаратына сүйенсек, Кирилл Герасименко 1/16 финалда Тунис спортшысы Вассим Эссид пен бразилиялық Уго Кальдерано арасындағы ойынның жеңімпазымен кездеседі.