Жаңалықтар

Кинодағы тағдыры өмірде қайталанғандар

Кинодағы тағдыры өмірде қайталанғандар
Фото: Коллаж El.kz 01.07.2023 14:30 13775

Кейде актердің кинода ойнаған рөлі өмірінде қайталанып жататып кездер болады. Мұндай жағдайды басынан өткергендердің қатарында танымал тұлғалар да аз емес. El.kz ақпарат агенттігінің тілшісі кинодағы тағдыры өмірде қайталанған актерлер туралы зерттеп көрді.

Көпшілікке «Күйеу бала» телехикаясы арқылы танымал болған актер Дархан Мұсаев сериалда мотицклмен тасқа соғылып басынан қан кетеді. Дәл осындай жайт Дархан Мұсаевтың өмірінде қайталанып, ауруханаға түскен. Абырой болғанда аман қалды. Бұл туралы Дархан сұхбаттарында да айтып жүр.

Асанәлі Әшімовтің ұлы Сағи Әшімов көпшілікке әкесінің Шоқан туралы фильмімен танымал. Асанәлі Әшімов ұлын аталмыш киноға түсіруге дайындағанда әжесі Тәжіхан «Сағиды неге бұл рөлде ойнатасың? Әлдеқашан сү­йегі қурап қалған аруаққа тиме­сеңдерші, жаман ырым ғой» деп айтқан екен. Алайда әкесі бұл сөзге қарамастан, «ендігі межең – Абылай» дейді. Сол кезде Сағи «Шоқаннан ауыр бола қоймас» депті. Өкінішке қарай әкесінің бұл арманы орындалмай кетті. Себебі Сағидың фильмдегі кейіпкері Шоқан 30 жасында қайтыс болса, өзі 38 жасында дүниеден озды.

Талғат Нығматулин. Талғат 1983 жылы қырғыз режиссері Болотбек Шамшиевтің «Қасқырдың апаны» фильміне түсіп, кинода Самат деген жас жігіттің рөлін сомдап шығады. Фильмінің сценариі бойынша кейіпкер өз тәлімгерінің қолынан қаза табады. Дәл осы кейіпкерінің тағдырын 1,5 жыл өткеннен кейін өзі де қайталарын кім білген?! 1985 жылы өзі мүшесі болған секта басшысы Абай Бөрібаевтың шәкірттері Талғатты өлімше етіп соққыға жығады. Сөйтіп ол 36 жасында Вильнюс орталығындағы пәтерде жан тапсырады.

Владимир Зеленский. Украинаның қазіргі президенті, сценарист, актер әрі продюсер. Болашақ президент 15-тен астам фильмге түскен. Олардың ішінде «Слуга народа» фильмін ерекше атап кетуге болады.  Себебі актер президенттің рөлін сомдайды. Халықтың зор ықыласына бөленген ол 2019 жылы сайлауда 73,22 пайыз дауыс жинап, Украина Республикасының алтыншы президенті болып сайланады.

Әнші Төреғали Төрәлі «Ұлы дала комедиясы» деген фильм түсірген. Кинода ол «жұлдыз» ауруына шалдыққан бас кейіпкердің рөлін сомдайды. Сюжет желісі бойынша ол түрмеге түседі. Қазір әншінің басынан дәл сол жағдай өтіп жатқаны жасырын емес. фильмде 15 күнде, шынайы өмірде 23 күнге қамалды.

Кинодағы тағдыры өмірде қайталанғандарТөреғали 14 шілде күні Алматы қаласында есірткіге мас күйінде көлік жүргізді деген айыппен 23 күнге қамауға алынды. Бүгінде әлі жазасын өтеп жатқан Төреғалидің әлеуметтік парақшасында халық өзінің пікірін білдіріп кетіп жатыр.

«Төреш аға-ау, ішіп алып рульға отырып неңіз бар еді?», «Скоро выпустит песню «кешіріңдер», «Жазғыра бермеңдер, бәріміз пендеміз ғой», - дейді желі қолданушылары.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға