Жаңалықтар

Кімдерге екпе алуға болмайды? Дәрігер ескерту жасады

Кімдерге екпе алуға болмайды? Дәрігер ескерту жасады
Фото: ©El.kz/Марат АМИРОВ 10.01.2024 17:05 1212

Инфекционист-дәрігер Динагүл Баешева кімдерге қызылшаға қарсы екпе алуға болмайтынын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Медициналық көрсеткіштер бойынша онкогематологиясы, иммунодефициті барларға, жүкті әйелдерге және канамицин мен неомицин деген дәріге аллергиясы бар адамдарға екпе салынбайды. Ал қалған адамдарға қандай да бір инфекциямен сырқаттанып тұрғанда салуға болмайды. Бірақ ауру басылғаннан кейін міндетті түрде екпені салу керек. Мысалы, созылмалы түрдегі ауруы өршіп тұрған уақытта да екпе салуға болмайды, - деді Динагүл Баешева.

Балаларға 1 жастан бастап екпе қабылдауға рұқсат. Ал ересектерге 30 жасқа дейін екпе алуға болады. Ал медицина саласында жұмыс істейтін мамандар 55 жасқа дейін екпе ала алады. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға