Жаңалықтар

Кімдердің кредиті кешірілетіні белгілі болды

Кімдердің кредиті кешірілетіні белгілі болды
Фото: ©El.kz/Арман МУХАТОВ 07.06.2024 16:49 42915

Банктердің, микроқаржы ұйымдарының және коллекторлық агенттіктерден 90 күннен астам уақыт бойы қарызын өтемеген 1,5 млн-ға жуық қарыз алушы бар, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.

Бұл туралы Oрталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов айтты.

Сондай-ақ, ол қазақстандықтардың қарыз жүктемесін азайту шаралары туралы айтты.

Банктер балансында 90 күннен астам уақыт бойы қарызын өтемегендер саны – 980 мың адам, микроқаржы ұйымдарының балансында – 332 мың адам. Яғни банктермен салыстыратын болсақ, Микроқаржы ұйымдарында қарыз алушылардың саны айтарлықтай аз, - деді агенттік төрағасының орынбасары.

Оның сөзінше, банктер мен микроқаржы ұйымдарымен бірге қаржылық жағдайы жоқ қарыз алушылар, яғни бұл көп балалы аналар, зейнеткерлер, әлеуметтік осал топтары санатына жататын жеке тұлғалар бойынша жұмыс жүргізіледі.

Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін несие берушілер негізінен осы қарызды есептен шығаруға және кешіруге бағытталған шараларды жүзеге асырып жатырмыз, - деді Қизатов.

Агенттік өкілі бұл бағыттағы жұмыстар басталып кеткенін мәлімдеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға