Килиан Мбаппе "Реал Мадрид" сапына ауысты
04.06.2024 07:36
Фото:
instagram.com/k.mbappe
Белгілі француз футболшысы Килиан Мбаппе ресми түрде «Реал Мадрид" клубына ауысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Футболшы 30 маусымда ПСЖ-дан біржола кетеді. Мадридтік клуб француздың қатарға қосылғаны туралы әлеуметтік желідегі парақшаларында жаза бастады.
Айта кететін жайт, Мбаппе «Реалға» еркін агент ретінде ауысып отыр. Себебі оның ПСЖ-мен келісімшарты биыл жазда аяқталады.
Ал "Реалда" француз шабуылшысы 9-нөмірмен өнер көрсетпек. Соңғы маусымда Мбаппе ПСЖ сапында барлық турнирде 48 матчқа қатысып, 44 гол соқты және 10 нәтижелі пас берді. Transfermarkt.de сайты оның құнын 180 млн еуроға бағалап отыр.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

