Жаңалықтар

«Киімін шешіп, балағат сөз айтқан»: Ішімдік ішкен үш жолаушы пойыздан түсірілді

«Киімін шешіп, балағат сөз айтқан»: Ішімдік ішкен үш жолаушы пойыздан түсірілді
Фото: facebook.com 24.01.2024 07:04 859

Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері «Алматы-Қостанай» бағытындағы жолаушылар пойызын патрульдеу кезінде қоғамдық тәртіпті бұзған екі жолаушыны анықтады. Ал үшінші ер адам «Нұрлы-Жол-Орал» бағытындағы пойыз жолаушысы болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тексеру барысында құқық бұзушылардың Қостанай облысының 41 және 58 жастағы тұрғындары екендігі белгілі болды. Олар жол бойында спирттік ішімдіктер ішіп, өзге жолаушыларға балағат сөздер айтқан. Екеуі де Ақмола облысының Атбасар станциясыда акт бойынша пойыздан түсірілді. Араққа сылқия тойған азаматтар полиция бөлмесіне жеткізу кезінде билік өкілдерінің заңды талаптарына бағынбаған.

Оларға қатысты бірден үш, яғни, алкогольдік ішімдіктерді ішкені немесе қоғамдық орындарға масаң күйінде келгені, ұсақ бұзақылық жасағаны, сондай-ақ құқық қорғау органы қызметкерінің заңды өкіміне немесе талабына бағынбағаны үшін әкімшілік хаттама толтырылып, әрқайсысына 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Ұсақ бұзақылық пен бағынбау бойынша материалдар тиісті шешім қабылдау үшін Рудный қалалық сотына жолданды делінген Көліктегі полиция департаментінің мәліметінде.

Оқи отырыңыз:

Дәл осындай оқиға Қостанай станциясында да орын алды. Бұл жолы көлік полицейлері «Нұрлы-Жол-Орал» бағытындағы жолаушылар пойызынан Ақтөбе қаласының 60 жастағы тұрғынын түсіріп алды. Егде жастағы жолаушы пойызда алкогольдік ішімдік ішіп, өз орнында киімдерін шешіп, тыр жалаңаш ұйықтаған. Осылайша өзінің сыртқы келбетімен адамның қадір-қасиеті мен адамгершілігін қорлайтын іс жасаған.

Оған алкогольдік ішімдіктерді ішкені үшін 5 АЕК айыппұл салынып, ұсақ бұзақылық жасағаны бойынша әкімшілік материал сотқа жолданды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға