21 Тамыз 2025, 14:33

Киім қалай тігіледі?

El.kz порталының арнайы жобасы «Біздің Brand» ұжымы бұл жолы «JNRAY GROUP» тігін цехына барып, компания тарихымен, өндіріс процесімен және ондағы ерекше атмосферамен танысты. Бір қызығы, бұл өндірісте бірнеше отбасы бірге еңбек етіп, бір-біріне қолдау көрсетіп, сапалы отандық өнім шығарады. Сонымен қатар, фабрика мемлекет тарапынан да қолдау алып келеді. Атап айтқанда: «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында жеңілдетілген несие мен қаржылай көмек, өндіріс жабдықтарын жаңартуға субсидиялар, отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатындағы мемлекеттік тапсырыстар. Осының арқасында тігін фабрикасы өнім көлемін арттырып қана қоймай, жергілікті тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Махаббаттан туған брендтің құпиясын, киімнің қалай тігілетінін және «JNRAY GROUP» атауының мәнін білгіңіз келсе, шығарылымды көріңіз!