Жаңалықтар

Киіктің етінен жасалған консерві Леонардо Ди Каприоға жіберіле ме? Министрдің жауабы

Киіктің етінен жасалған консерві Леонардо Ди Каприоға жіберіле ме? Министрдің жауабы
Фото: Әлеуметтік желіден / t.me/KZgovernment 23.01.2024 14:12 1084

Баспасөз мәслихатында экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев киіктердің етінен жасалған консервіге қатысты сауалға жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Журналист министрге «Танымал актер Леонардо Ди Каприо киіктерді сақтау бағытындағы жетістіктерімізді мақтаған болатын. Бүгінгі таңда басқа жағдай қалыптасып отыр. Киіктің етінен консервіні Леонардо Ди Каприоға жіберу жоспарыңызда бар ма?» деп сұрақ қойды.

Министрдің айтуынша, бүгінгі таңда танымал Голливуд актері ғана емес, көптеген халықаралық ұйымдар да жойылып бара жатқан киік санын ұлғаюына қатысты алғысқа толы хаттар жіберіп жатқанын тілге тиек етті.

Бұл үлкен жұмыс атқарылғанын байқатып отыр. Бұдан басқа халықаралық ұйымдар оның басқа да қырын көріп отыр. Бұл зардап әкеліп жатқанын, оны реттеу керек екенін көрсетеді. Мұндай тәжірибе әлемде бар. Мәселен, Жаңа Зеландияда жыртқыштардың, Германияда жабайы шошқалардың саны жыл сайын реттеліп отырады. Әрине, адамзаттың өзі оған кінәлі, – дейді министр. 

Ведомство басшысы бүгінде еліміз ауыл шаруашылығына және экожүйеге келер зардапты азайту мақсатында киіктердің санын реттеумен айналысуға мәжбүр екенін айтты. 

Ал консервіге келер болсақ, бұдан кейін міндетті түрде бұл сатылатын болса, оны аламын. Шынын айтсақ, ол туралы ойламаппын, – деді министр Ерлан Нысанбаев.

Минстр киіктің етінен жасалған консервіні жеп көрмегенін жеткізді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға