Жаңалықтар

Киіктер саны қарашаға дейін реттелуі мүмкін

Зоология институты 2022 жылға киіктердің санын реттеудің биологиялық негіздемесін ұсынды.
Киіктер саны қарашаға дейін реттелуі мүмкін
08.07.2022 01:26 1796

Киіктердің саны 15 қыркүйектен 30 қарашаға дейін реттелуі мүмкін. Бұл туралы Экология министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Нұрлан Қылышбаев мәлімдеді, деп хабарлайды

– Зоология институты 2022 жылға киіктердің санын реттеудің биологиялық негіздемесін ұсынды. Ғылыми қорытындыға сәйкес, жем-шөп пен суаттардың, ауыл шаруашылығы дақылдары егісіне киіктердің кіруінің салдарынан, сондай-ақ Орал популяциясы санының күрт өсуіне байланысты киіктердің шамадан тыс өсуін реттеу қажеттілігі туындады. Айта кетсек, мұндай жағдай Бетпақдала популяциясында да байқалады, – деді Нұрлан Қылышбаев елордада өткен дөңгелек үстелде.

Биологиялық негіздемеге сәйкес 2022 жылы Орал популяциясының киіктерін атуға ұсынылған көлемі есептік санының 10%-ын құрайды, оның ішінде ересек еркек - 5%, ересек аналық - 47,5%, жас ұрғашы - 47,5%.

– Қостанай, Ақмола облыстарының аумағындағы Бетпақдала популяциясы үшін 2022 жылға алу көлемі есептік санның 2,5% мөлшерінде ұсынылады. Оның ішінде ересек аталықтары - 5%, ересек ұрғашылары - 47,5%, жас төлдері - 47,5%, – деді Н.Қылышбаев.

Ол киіктердің санын биологиялық және экономикалық тұрғыдан реттеудің оңтайлы мерзімі 15 қыркүйектен 30 қарашаға дейін екенін айтты.

Бұрын хабарланғандай, Қазақстанда 90 мыңға жуық киік атуға жатады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға