Киік «Жойылу қаупі жоғары» санатынан «Жойылу қаупі аз» санатына ауысты
2023 жылдың 11 желтоқсанында Халықаралық табиғат қорғау одағы (ХТҚО) киіктің Халықаралық Қызыл тізімдегі «Жойылу алдында тұрған» санатынан «Қауіп төнуге жақын» санатына ауысатынын жариялады. Киіктің«Жойылу қаупі жоғары» санатынан «Жойылу қаупі аз» санатына ауысуы Қазақстандағы киік санының көбеюіне тікелей қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жануарлар түрлерін қорғау және санақ жүргізу жөніндегі мемлекеттік шаралар кешені республикадағы киік популяциясын сақтау мен қалпына келтіруде айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізуге мүмкіндік берді. 2003 жылы еліміздегі киік саны – 21 мың болса, 2023 жылы Қазақстандағы киік саны – 1 млн915 мың дараққа жеткен (2023 жылғы көктемгі санақ деректері бойынша Қазақстандағы киіктің болжамды саны – 1 915 000 дараққа жетіп, ҚазКСР кезеңінің ең жоғары көрсеткішінен (1 200 000 дарақ) асып түскен.
2006 жылдан бастап Қазақстан Үкіметі жалпы ауданы – 5 081 485 га киік мекендейтін жерлерде ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құрды және кеңейтті.Киіктің бетпақдала популяциясынқорғау үшін «Ырғыз-Торғай», «Алтын Дала» мемлекеттік табиғи резерваттары, Орал популяциясы үшін «Бөкейорда» резерваты құрылды.
Министрліктің қарапайым инспекторларының адал еңбегінің, мемлекеттің экологиялық саясаты мен азаматтардың жауапкершілігінің арқасында киік санын қалпына келтіруде жоғары нәтижелерге қол жеткіздік. Дүние жүзіндегі киік популяциясының 98 пайыздан астамыҚазақстанда шоғырланған!
2006 жылдан бастап Қазақстан, Ресей, Өзбекстан және Түрікменстан арасында киіктің сақталуына, қалпына келтірілуіне және орнықты пайдаланылуына қатысты өзара түсіністік туралы меморандум шеңберінде уағдаластықтар қолданылып келеді. Бұл құжат қоныс аударатын жабайы жануарлар түрлері бойынша Конвенцияның (CMS)қатысушылары ретінде елдердің халықаралық міндеттемелерін орындау үшін қабылданған
Санақ пен қорғау ісінің жүйелілігі, сондай-ақ ғылыми және қоғамдық ұйымдармен ынтымақтастық қарым-қатынастың болуыкиік санын тұрақтандыруға және оларды тұрақты пайдаланудың объективті негізін жасауға мүмкіндік берді.