Жаңалықтар

Киевте тікұшақ құлап, Украина Ішкі істер министрі мен 17 адам қаза тапты

Тікұшақ балабақша маңына құлаған
Киевте тікұшақ құлап, Украина Ішкі істер министрі мен 17 адам қаза тапты
Фото: © APA 18.01.2023 15:16 1373

Украина ІІМ басшысы Денис Монастырский мен оның бірінші орынбасары Евгений Енин Киев облысының Броварыдағы балабақша маңына құлаған тікұшақ апатынан қаза тапты. Бұл туралы ел полициясының басшысы Игорь Клименко мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

"Бүгін таңертең  ТЖМ тікұшағы апатқа ұшырады. Ұшақ апатынан ІІМ басшылығы қаза тапты: министр, министрдің бірінші орынбасары мен Мемлекеттік хатшы", - делінген хабарламада.

Барлығы 18 адам қаза тапқаны анықталды. Олардың тоғызы тікұшақ бортында болған. Зардап шеккендердің 22-сі ауруханада (оның 10-ы балалар).

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға