Кибералаяқтардан қалай қорғану керек? Сарапшы маңызды кеңестерін айтты
Киберқауіпсіздік саласы бойынша әлеуметтік желі қолданушыларының сауатты болғаны және олардың кибералаяқтардан қорғана алуы өзекті мәселеге айналып отыр. Ғаламторда жеке деректерді жарияламау, кілт сөздер мен құпия сөздерді барынша жасыру және банк деректерінің ұрлануына жол бермес үшін не істеу керек? Киберқауіпсіздік маманы Гүлдана Жұматай қарапайым кеңестерімен бөлісті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
El.kz: Гүлдана, қайырлы күн! Киберқауіпсіздік саласына қалай келдіңіз? Қазіргі қызметіңіз туралы толығырақ айтып берсеңіз.
Гүлдана Жұматай: Өзімнің кибер алаңға келуімнің өзі бір қызық, себебі бірінші курста өзімнің бір алыс қызығушылығым болатын, негізі мамандығым автоматтандыру және басқару(автоматизация и управление)бакалавры инженер-технолог маманы, кейін уақыт өте келе танысым Салтанат Машировамен таныстырған болатын, ақпараттық қауіпсіздік қызметкері, білімі өте жоғары және беделді маман. Салтанат маған жалпы киберқауіпсіздік жайлы түрлі жаңалықтарды айтқанда, бар қызығуғышылығымды одан да арттырды. Үшінші курста АҚШ елшілігінің қолдауымен IBA инстутитынан Python & Cybersecurity курстарын оқып шықтым. Төртінші курста MSSP.GLOBAL компаниясына интервью өтіп жұмысқа орналастым. Ақпараттық қауіпсіздік инженері және аналитигі болып Ақпараттық қауіпсіздік операциялық орталығынан бастадым, ал қазір ақпараттық қауіпсіздік маманы болып жұмыс жасаймын, аудитпен айналысудамын, сонымен қатар әріптестеріммен бірге хабарландыру және кибергигиена деңгейін өсіруге арналған порталды жасап жатырмыз.
El.kz: Киберқауіпсіздік - өте ауқымды сала. Елімізде мемлекеттік сайттар да кибершабуылдарға ұшырап жатыр. Маман ретінде мониторинг жасап көрдіңіз бе? Біздегі ең әлсіз ұйымдар, мекемелер туралы айтып берсеңіз...
Гүлдана Жұматай: Жалпы өзім SOC-та аналитик/сарапшы болып жұмыс істедім, және сонда жұмыс істеу кезіндегі алған тәжірибеме сүйене келе айтарым, кибершабулдардың 60 пайыздан жоғары мемлекеттік мекемелерге түсіп жатыр.
El.kz: Жастар қатарластары тарапынан буллингке көп ұшырайтыны жасырын емес. Бір-бірінің әлеуметтік желісіне кіру немесе сырттай аккаунтты бұзып, ұятсыз хабарламалар жіберіп жатады. Бұл әрекеттерді қалай тоқтатуға болады? Уатсап, телеграм-нан кіретін шпиондық бағдарламалар туралы айтыңызшы.
Гүлдана Жұматай: Ең алдымен, есте сақтайтын жайт интернетте жариялаған ақпарат кезкелген адамның қолданысында болу мүмкін, сонымен қатар жосықсыз адамдардың қолында. Тіркелгінің құпиялылығын орнату, яғни тек достарыңыз бен жақын ортаңыз контентіңізді көруге болатындай етіп және тек белгілі бір адамдар тобы жаза алатындай орнату өажет, сәйкесінше құпиялылық параметрлері қажет. Балаларға айтылатын жайт, егер буллингке түскен болса, ең алдымен жақын адамдарыңызға және сенетін адамдарға айту керек, және әрі қарай әрекет ету жолдарны қарастыру қажет. Сонымен қатар, негізгі қолданыста жүрген әлеуметтік желілер facebook, instagram сияқты, интернеттегі кибербуллингпен күресуде, бұл үшін сізге қажетті шаралар қабылдануы үшін шағым қалдыру керек. Кибербуллинг - бұл қылмыстық құқық бұзушылық және бұл заңға қайшы әрекет, сондықтан бұл сқрақта заңға да жүгінуге болады. Шпиондық бағдарламаға келетін болсақ, бұл негізінен фишингтік бағдарламалар. Бүнымен күресу үшін ата-аналар балаларына кибергигиенаның қарапайым дағдылары туралы алдын алу түсіндіру жұмыстарын жүргізуі керек.
El.kz: Сұхбатыңызға рахмет!