Жаңалықтар

«ХХІ ғасыр: соғыссыз әлем»

Әлем сарапшыларының пікірі
25.11.2016 03:07 8580

«ХХІ ғасыр: соғыссыз әлем»

Вашингтон қаласында өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі төртінші саммит Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа жаһандық бастамасымен есте қалғаны белгілі. Мемлекет басшысының «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі Барак Обама бастамашылығымен шақырылған жаһандық саммиттің барысындағы тарихи маңызы жоғары құжаттың бірі ретінде де бағаланғаны сөзсіз. Елбасы манифесі соғыс атаулыдан адамзаттық қорғанысты күшейтуге үндеп, бейбітшілікке қатысты аса өзекті мәселелерді қамтуға бағытталды. Ал, 2015 жылы 10 маусымда Елорда төрінде «Бейбітшілік және келісім сарайында» өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының V съезіне 42 елден келген 80-нен аса мейман халықаралық экстремизм мен терроризмнің тигізіп отырған зардабы жайында пікір алмасқан еді. Бүгін біз ядролық қарудан бас тартып, бейбітшілік пен дінаралық татулыққа негізделген жаңа қоғам құруға талпынған Қазақстан туралы айтқан шетелдік сарапшылардың пікірін жинақтауға тырыстық. 

«ХХІ ғасыр: соғыссыз әлем»

Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік кеңесі жанындағы Даму мәселелері жөніндегі зерттеу орталығы Қоғамдық дамуды зерттеу институтының профессоры Ван Сяньцзюй:

«Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі – Қазақстанның жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан кезекті зор үлесі. Нұрсұлтан Назарбаевтың манифесі БҰҰ тарапынан кеңінен қолдау табуы және аталған халықаралық ұйымның ресми құжаты мәртебесін алуы көтеріліп отырған проблеманың өзектілігін бекіте түседі. Сондықтан да, мен Қытайдың ғалымдар қауымдастығы Қазақстан көшбасшысының бастамасын қолдайтындығын атап өткім келеді. Шындығында, жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі Қазақстанның басты үлесі әлемдегі қуаты жағынан төртінші ядролық қарудан бас тартуы және Семей ядролық полигонын жабуы екені даусыз. Қазақстан бұл бағытқа баса күш-жігер жұмсауын жалғастыруда және ядролық таратпау ісіне, толықтай алғанда біздің ғаламшарымыздағы бейбітшілікті қамтамасыз етуге зор үлес қосуда. Қазақстан Президенті өткен саммит барысында ядролық қауіпсіздік жөніндегі келесі саммитті Қазақстанда өткізуді ұсынды. Меніңше, бұл өте жақсы ұсыныс. Ол Қазақстанның бұл мәселеге мұнан да айрықша мән беруін жалғастыра түсетіндігін дәлелдейді. Қазақстанда МАГАТЭ-мен бірлесіп төмен байытылған уран отыны банкін құрғанын, бұл уранның бейбіт мақсатта дамуына деген ұстанымды білдіреді. 

«ХХІ ғасыр: соғыссыз әлем»

Монтерей халықаралық зерттеулер институтының ғалымы Майлз Помпер (АҚШ):

Қазақстан әлемдік қауіпсіздікті нығайту жолында өзін белсенді ел ретінде мойындатып келе жатыр. Ядролық қарусыздануға қарсы мемлекет ретінде Қазақстанның әлемге айтары да, бөлісер тәжірибесі де бар. Тұтастай алғанда жаппай қырып жою қаруларынан бас тартқан Қазақстанның бұл әрекеті барлық мемлекеттерге үлгі бола алады.   Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы оң! Мағынасы терең, мәні зор дүние айтылған. Сол себепті әрі қарай зерттеу керек. Қазақстан әлемдік қауіпсіздікті нығайту жолында өзін белсенді ел ретінде көрсете білген. Қазақстан ядролық қарулануға және оның жайылуына қарсы шыққан ел ретінде оның әлемге айтары да, бөлісер тәжірибесі де бар. Уытты қарудан бас тартып, халықаралық қоғамда көшбасшыға айналды. Бұған қоса, бомбаны сынаудан да бас тартты. Сондықтан Қазақстанның бұл әрекеті барлық мемлекеттерге үлгі бола алады деп айтар едім.

«ХХІ ғасыр: соғыссыз әлем»

Абдулхалюк Чай, Түркия саясаттанушысы:  

Ядролық сынақ полигондарын түбегейлі жауып, адамзатқа тікелей қауіп төндіретін суық қарудың көзін құртқан Қазақстан халықаралық жиындарда әлем елдерін ядролық қарусыздануға үндеп, атом энергиясын бейбіт мақсатта қолдануға үнемі шақырып отырады. Ал осы жолғы саммитте Нұрсұлтан Назарбаев лаңкестік топтардың қолына жаппай қырып-жою қаруы өтіп кетпуі үшін БҰҰ аясында барлық елдің қатысуымен терроризмге қарсы күрестің жаһандық желісін құруын ұсынды. Қазақстан президентінің бұл пікірі әлемдік қауымдастықтан қолдау табатынына сенімдімін.

«ХХІ ғасыр: соғыссыз әлем»

Пан Ги Мун, БҰҰ Бас хатшысы (2007-2016ж):

Мен өзімнің былтырғы жылғы Семейге барған сапарымды еш уақытта ұмытпаймын. Он шақты жылдар бойы осы нүкте қырғи-қабақ соғысының кіндігіне айналған еді. Сіздің батыл шешіміңіздің арқасында 20 жыл бұрын Семей бейбітшілікке деген үміттің үлкен нышанына айналды. Бұл барлық ядролық сынақтарды мүлдем тоқтатудың үмітін оятып, ядролық қарудан ада бейбітшілікке ұмтылуға да жарқын жол ашты. 

«ХХІ ғасыр: соғыссыз әлем»

Ұлыбритания Премьер-министрі Тони Блэр (1997-2007 ж):

Қазақстан Президенті өз елін басқаруына байланысты жоғары баға бересін. Нұрсұлтан назарбаев шынымен Қазақстанды дұрыс жолмен алып келеді. Президент көпэтносты және көпкофессиялы ел ішінде қоғамдық келісім орната алды. Қазақстан өңірдің барлық елдеріне үлгі бола алады.


«ХХІ ғасыр: соғыссыз әлем»Индология және дінаралық диалогты зерттеу институтының төрағасы Сомайя Самир Шантиланың Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының бесінші съезінде сөйлеген сөзі:

Қазақстандық діндер форумының алаңы – біздер, бүкіл әлем діндері мен мәдениеттерінің өкілдері үшін қазіргі заманғы өзекті мәселелерге қатысты пікір алмасудың жақсы мүмкіндігі. Сонымен қатар Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі бітімгерлік диалогтың бірегей алаңы болып табылады. Бұл форум рухани және саяси көшбасшылардың маңызды шешімдерді қабылдауын жеделдетеді. Бұл жерде бірегей шешімдер қабылданады, ал олар Дін көшбасшыларының съезінсіз шешілмес еді. Осындай бастама үшін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа алғысымды білдіргім келеді. 

«ХХІ ғасыр: соғыссыз әлем»

Малайзияның экс-премьер-министрі Доктор Махатхир бин Мохамад:

Біріншіден, Президент Назарбаев пен Қазақстан Үкіметіне мені осынау маңызды конгреске қатысуға шақырғандары үшін рахмет айтқым келеді. Сонымен катар мен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің осы конгресін өткізіп отырғаны үшін Казақстан Үкіметін кұттықтамақпын. Казіргі уақытта дүние жүзі тынышсыздану мен үрейлену жағдайында тұрғандықтан, бұл – дәл уақтысында шақырылған съезд. Дүниенің бұрынғысынша қандай да бір дөрекілік жағдайда қалып отырғанын біз көріп жүрміз.

Әлемнің осы уақытка дейін халықтар арасындағы проблемаларды шешудің тәсілі адамдарды өлтіру болып табылады деп түсінетіндігінен де ол өте дөрекі. Соңдықтан соғыс халықтар арасындағы проблемалар мен келіспеушіліктерді шешуге көмектеседі деген осы идеялардан іргемізді аулақ салатын уақыт жетті. Міне, осы пікірге келуде діннің өз рөлін атқара алатынына мен сенімдімін. Өкінішке карай, әлемнің көптеген бөліктерінде адамдар діннен бас тарта бастаған, олар казірдің өзінде оған деген сенімін жоғалтуда. Сол себепті діни лидерлердің тағы да адамдардың өз діндерін еске алуларына күш салатын уақыты жетті. Міне осы себепті мен бүл конгреске катысуға шақыруды қуана қарсы алдым. Өйткені әлемнің барлық діндерінің өкілдері қатысып отырған әртүрлі дін басшыларының өзара дебаттары мен талқылаулары арқасында мен көп нәрсені біле аламын.

«ХХІ ғасыр: соғыссыз әлем»

Египет Араб Республикасының Уақып және ислам істері жөніндегі министрі Махмуд Хамди Закзук:

Үш жыл аралығында Қазақстан Республикасының ынта-ықыласы бойынша біздердің осы форумда екінші рет кездесуіміз бәріміздің ортақ үйіміз болып табылатын бұл әлемде қауіпсіздіктің орнығуына байланысты әуелі Қазақстан Республикасына, екінші жағынан діни басшылардың өздеріне түсетін үлкен жауапкершілікті әбден сезініп отырғанын жарқын дәлелдейді.

Бұл игілікті миссияда пайдалануға болатын ізгілікті жол екі деңгейде: діни және мәдениеттілік деңгейінде өзара сыйластыққа және түсіністікке негізделген диалог жолын пәрменді жол ретінде таңдап алуға болады. Дәлірек айтқанда, ол – дін лидерлерінің бүкіл дүние жүзінде тендікті қалпына келтіру және бейбітшіліктің негізін қалау миссиясы.

Діннің түпкі мәні – барлық адамдарды өзара бейбіт өмір сүруге шақыру, олардың өзара бауырластығын нығайту.

Кейде діни ұрандар көтеріп, барша адамдық құндылықтарды бүлдіретін экстремистік ағымдар пайда болып жатады. Мұның өзі діни лидерлер басшылардан дін мақсат-мүддесінің жарқындығын ашып көрсетуді, сөйтіп адамдар арасында сүйіспеншілік пен келісім орнығуы үшін оны кеңінен таратуды талап етеді.

Қазақстан Республикасының Президенті мырзаға және Қазақстан Республикасының Үкіметіне өзімнің зор алғысымды тағы да білдіргім келеді. 

«ХХІ ғасыр: соғыссыз әлем»

Константинополь православие шіркеуінің Патриархы I Варфоломей:

Қазақстан халқы көптүрлілікті қамтып, әрі олардың арасында алауыздық дау-дамайларға жол бермейтін болғандықтан әлемнің көптеген елдеріне өнеге танытатын таңқаларлық тұрақтылығы арқасында Орталық Азиядағы аса ірі ел саналады.

Халықаралық ахуалды оба тәрізді қамтып, үрей мен қайғы себетін қорқынышты жәйттер өте көп. Мұның өзі өзара күдіктенушіліктен және қырғиқабақ соғыс кезіндегіні еске түсіретін мәдениеттеріміздің әртүрлілігінен қолдау таба ма деген ой туады. Біздің конференциямыздың тақырыбы – біздердің халықаралық аренада бейбіт өмір сүруімізді кері кетіретін көкейтесті мәселелерді қозғау. Дін өкілдері – біздер, алдымызда туып отырған постмодернистік уақыттың қиыншылықтарына карамастан, нақты ынтымақтастық қарым-қатынас арқылы әлемдік тәртіптің деңгейін сақтап қала аламыз.

Дінді күнбе-күнгі өмірден айырып алу тенденциясы әрдайым осылай қабылдануы, өйткені оның нәтижелері қашанда қорқынышты болды. Біз дінді әлеуметтік шыңдықтан бөліп алу әрекетінің тек қана жағдайдың нашарлауына әкеліп соқтыр-ғанының куәгері болдық. Одан әрі біз діннің қалай пайдаланылғанын және оны күштеу мен дұшпандық үшін сылтау ретінде пайдаланғанын өз көздерімізбен көрдік. Дегенмен біз діннің дау-дамай шығуының себепкерінен гөрі бітімгерлік мақсатына қызмет ететінін, саясаткерлердің оны халықтар мен қоғамдар арасын жақындастыруға маңызды ықпал ететін құрал ретінде бағалай бастағанының да куәгері болдық. Осы фактіні мойындау дінді қайтадан күнбе-күнгі өмірдің шындығына айналдыруға, сөйтіп оның ықпалын мына көпмәдениетті әлемде жеке адамдар мен халықтар арасындағы байланыстарды нығайту үшін пайдалануға көмектеседі. Халықаралық қауіпсіздік мәселелерінде дәл осы рухта дін жағымды фактор бола алады.

«ХХІ ғасыр: соғыссыз әлем»

Пәкістан халықаралық ислам университетінің экс-президенті Махмуд Ахмад Ғази:

Барлық адамзат үшін маңызды мәселелер бойынша пікір алмасуға бізге мүмкіндік беріп отырған Жоғары мәртебелі Президент Нұрсұлтан Назарбаев мырзаға және оның Үкіметіне, халқына өз әріптестерімнің – Пакистан делегациясының атынан терең алғыс айтқым келеді. Діндер арасындағы диалог өткізуге күш салған Қазақстанға алғыс айтамын.

Бұл қозғалыс  бұрыннан басталған көне қозғалыс. Бірақ осы игілікті жаңа бастамамен Сіз қозғалысты жаңа сатыға көтердіңіз. Ол жасампаздық пен дамудың тарихына енді. Мен осында келген ірі өркениет өкілдерінің дінаралық диалогы өркениет пен мәдениеттер диалогына айналады деп санаймын.

Дін ірі өркениеттерді жасауда үлкен рөл атқарды деп ойлаймын. Шын мағынасында өркениеттердің негізін діндер қалады. Олар – рим, үнді, қытай, ислам өркениеттері. Бұл өркениеттер – пайғамбарлар,  діни қайраткерлер мен діндердің негізін салушылар таратқан діни сенім мен мәдениеттің нәтижесі. Осы себепті дінаралық диалог өркениеттер мен мәдениеттер диалогы болуға тиіс.

Бізді осы іс-шараны өткізуге Жоғары мәртебелі Президент Нұрсұлтан Назарбаев үндеп отыр. Бейбітшілік пен әртүрлі діндердің өзара бірігіп қимыл жасауы үшін бүкіл әлем осы үндеуді қолдауы кажет. Бұл - игілікті бастама. Сондықтан да Нұрсұлтан Назарбаевты Бейбітшілік сыйлығына ұсынамыз.  

«ХХІ ғасыр: соғыссыз әлем»

Махачула университетінің ректоры Пра Дармакосаджарн (Тайланд):

Бұл – бүкіл әлемдік қауымның назарын аударарлық маңызды іс-шара. Бүгін біз халықаралық қауіпсіздік туралы айттық. Бұл дегеніміз – өзара  қауіпсіздік. Ал өзара қауіпсіздікке жеке ұлт пен жеке ел қол жеткізе алмайды. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету аясында осында отырған басшылардың бірігуінің маңызы зор.

Ұлттық қауіпсіздіктің тұжырымдамасы – бұл бірінші мәселе. Ал екінші аспект – адамдар қауіпсіздігі. Мұңда еркін пікір алмасу туралы айтуымыз қажет.



Әзірлеген Бақытгүл АБАЙҚЫЗЫ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға