Жаңалықтар

Ханс Циммер - көзі тірі гений

Ұлы композитор - Ханс Циммердің өмір жолы
01.07.2015 05:32 3966

Ханс Циммер - көзі тірі гений

Ханс Циммер – 150-астам киноға музыка жазған танымал неміс композиторы. Ол қатысқан фильмдердің ішінде: Арыстан Патшасы (The Lion King, 1994) Толысу (Crimson Tide, 1995), Жұқа қызыл сызық (The Red Line,1998), Гладиатор (Gladiator, 2000), Соңғы самурай (The Last Sanurai, 2003), Кариб теңізі пираттары фильмдер сериясы (Pirates of the Caribbean, 2003-11), Начало (Inception, 2010), 12 жылдық құлдық (2013) және Интерстеллар (Interstellar, 2014) картиналары бар.

Ханс Циммер - көзі тірі гений

Дискография мен жүлделері:

Оскар марапаты

  • 1994: Арыстан патша (үздік музыка)

Алтын Глобус

  • 1995: Арыстан патша 2011: Гладиатор

Грэмми марапаты

  • 1995: Арыстан патша (Үздік инструменталды орындау)
  • 1995: Арыстан патша (Балаларға арналған ең үздік музыкалық альбом)
  • 1996: Толысу 2009: Қара рыцарь (The Dark Knight)

Спутник марапаты

  • 1998: Қызыл жұқа сызық
  • 2001: Гладиатор
  • 2011: Начало
  • Сатурн марапаты
  • 2009: Қара рыцарь (The Dark Knight)
  • 2011: Начало

Классикалық BRIT марапаты

  • 2008: Қара рыцарь (The Dark Knight)
  • 2013: Жылдың үздік композиторы
  • 2014: Музыка дамуына қосқан үлесі үшін

WAFCA марапаты

  • 2011: Начало
  • 2013: 12 жылдық құлдық

BFCA марапаты

  • 2000: Гладиатор

Халықаралық саундтрек марапаты

  • 2011: Начало

Зиммер Майндағы Франкфурт (Германия) қаласында дүниеге келген. Жас кезінен музыкаға әуес болған. Жасөспірім кезінде Лондонға көшіп барады. Ондағы Харвуд мектебінде тәлім алады. Зиммер өзінің балалық шағы туралы «Менің анам музыкант болған. Ал әкем болса инженер және өнертапқыш болған. Мен кіші кезімнен бастап пианиноны өзгертіп, қайта құрастырып өстім»,-дейді.

Карьерасы

Алғашқы жұмыс жолын 1970 жылдары синтезаторда композициялар орындаушы ретінде бастайды. 1977 жылы The Buggles ән тобында болады. Кейін Helden тобымен жұмыс істейді. Зиммер клавишник ретінде Mecano тобына шақырылады. 1985 жылы топ «Mecano: En Concierto» альбомын шығарады.

1980 жж. Циммер Стэнли Майерс есімді композитормен бірге жұмыс істейтін болды. Майерс осыған дейін алпыстан астам фильмге ән жазған еді. Жұмыс барысында дәстүрлі аспаптар әуеніне электронды музыка қосындысынан туындылар дайындайтын болды. Зиммердің жеке шығарылған музыкасы алғаш «Terminal Exposure» киносында орындалды. Композиторға танымалдылық «Жаңбыр адамы» (Rain man) киносымен келді. Кино туынды 1988 жылы «Оскарға» ұсынылды. 

Ханс 1992 жылы «Жалғыздың күші» (The Power of One) киносына арнап музыка шығару үшін Африкаға саяхаттап, жергілікті музыкалық аспаптарды кең қолданды. Жұмыс нәтижесіне қызыққан Walt Disney студиясы Ханс Зиммерді «Арыстан патша»  картинасына саундтрек жазуға шақырды. Аталған жұмысы үшін бірнеше жүлдені жеңіп алды. Кинодан бөлек видео-ойындарға да арнап музыка жазады. Сыншылар Ханс Зиммердің әндерін сандық заманның классикалық музыкасына жатқызады. Уақытының рухы мен болмысын әуен арқылы жеткізе алу қабілетіне ие. 

Ханс Циммер - көзі тірі гений

1995 жылы Грэмми жүлдесін жеңіп алды. 1998 жылы «Мысыр патшасына» арнап саундтрек жазып шықты. Осы кезден DreamWorks Animation студиясымен тығыз жұмыс істей бастады. 2000 жж. Голливуд шығарған оншақты блокбастерлерге музыка жазған. Гладиатор (2000), Қара қыранның құлауы (2001), Каннибал (2001), Соңғы самурай (2003), Мадагаскар (2005), Да Винчи коды (2006), Шерлок Холмс (2009). Композитордың Media Ventures компаниясы бар. 2010 жылдың 8-желтоқсан күні Голливудтағы Даңқ аллеясында Ханс Циммердің жұлдызы орнатылды. The Daily Telegraph газеті құрған «Қазіргі 100 гений» рейтингісі бойынша 72-ші орында. 2011 жылы «Саундтректердің халықаралық академиясы» «Начало» фильміне жазған әуенін үздік шығарма деп таныды. 

Композитор шығармалары

Ханс Циммердің жазған әндері киноларға терең мағына береді. Сондай-ақ адам санасына әсер етіп, бойында сезімдерін оятуға үлкен әсер етеді. Композитордың туындылары экрандағы бейнеге тек фондық музыка ретінде ғана емес, жеке қуатты шығарма ретінде танылған. Ал саундтректері көп уақыт өткеннен кейін де адам миында кинолардағы бейнелермен сөйлейді. Циммер әуендері адам бойындағы және орын алып отырған әрекеттің бүкіл мағынасын жеткізудің тамаша көрінісі. 


Дайындаған: Алихан Азаматов

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға