Жаңалықтар

Асхат Аймағамбетов халықаралық олимпиада жеңіпаздарын марапаттады

Биылғы жылы Қазақстан оқушылары Халықаралық Олимпиададан 27 медаль жеңіп алды
Асхат Аймағамбетов халықаралық олимпиада жеңіпаздарын марапаттады
Фото: BAQ.KZ 26.08.2022 12:35 1478

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов халықаралық олимпиада жеңіпаздарына ақшалай сертификат пен алғыс хат табыстады, деп хабарлайды El.kz порталы BAQ.KZ -ке сілтеме жасап.

Биыл біз үшін – тарихи жыл. Өйткені біз осы жылы  халықаралық олимпиададан 27 медаль жеңіп алып, рекорд жаңарттық. Әрине, бұл біздің оқушыларымыздың жетістігі, білім саласының жеңісі. Әріптестерімізге, ата-аналарға алғысымды білдіремін, – деді министр марапаттау рәсімінде.

Алтын медаль алған оқушыға 1 500 АЕК (4 770 000 теңге), күміс медальға 1 000 АЕК (3 180 000 теңге), қола медальға 500 АЕК (1 590 000 теңге) көлемінде ақшалай сыйақы табысталды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жастарға үндеу жасаған кезде бірнеше маңызды құндылықты атап өткен еді. Олар терең білім, еңбекқорлық жауапкершілік және патриотизм. Бүгінгі дарынды балаларымыз туралы айтар болсақ, олардың бойында дәл осы құндылықтар қалыптасқан. Өйткені әлемдік деңгейдегі олимпиаданы жеңу үшін мұндай құндылықтар маңызды, – деді Оқу-ағарту министрі.

 Еске сала кетейік, биыл Қазақстан оқушылары Халықаралық Олимпиададан 27 медаль жеңіп алған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға