Жаңалықтар

Халықаралық ақпарат комитетінің жаңа төрағасы тағайындалды​​

Ол І сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежесіне ие
Халықаралық ақпарат комитетінің жаңа төрағасы тағайындалды​​
Фото: gov.kz 03.09.2022 15:18 1340

Жан Сержанұлы Ғалиев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды El.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жан Ғалиев 1972 жылы желтоқсанда дүниеге келген. 

1994 жылы Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін; 

1996 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша Халықаралық қатынастар институтын (Страсбург қ., Франция); 

1998 жылы Франция Премьер-министрі жанындағы Халықаралық мемлекеттік басқару институтын (Париж қ.), Адам құқықтары институтын (Страсбург қ.), Халықаралық құқық академиясын (Гаага қ., Нидерланд); 

2006 жылы ҚР Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын бітірді. 

Еңбек жолын Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық жоғары мемлекеттік басқару мектебінде тілші-сарапшы ретінде бастаған. 

1999 жылдан бастап ҚР СІМ жүйесінде, Екіжақты ынтымақтастық департаментінің референті, үшінші хатшысы, екінші хатшысы ретінде жұмыс істеді; 

2001 жылдан 2005 жылға дейін Франциядағы ҚР Елшілігінің екінші хатшысы болды, одан кейін ҚР СІМ Еуропа және Америка департаментінің Еуропа басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды. 

Кейін Бельгия мен Франциядағы ҚР елшіліктерінде Кеңесші-уәкіл, сондай-ақ ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі болып жұмыс істеді. 

ҚР СІМ Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалғанға дейін 2017-2022 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Франциядағы және Монакодағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілі болды. 

2021 жылдың желтоқсан айында «Құрмет» орденімен марапатталды. І сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежесіне ие. Француз және ағылшын тілдерін меңгерген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға