Жаңалықтар

Халықаралық олимпиада: Қазақстандық оқушылары екі медаль жеңіп алып, рекорд жаңартты

Мэн аралында өткен зияткерлік сайысқа әлемнің 36 елінен 200 оқушы қатысқан.
Халықаралық олимпиада: Қазақстандық оқушылары екі медаль жеңіп алып, рекорд жаңартты
Фото: janalyq.kz 31.07.2022 06:16 1515

Қазақстанның халықаралық олимпиадалардағы жеңістері өз жалғасын тауып жатыр. Оқушыларымыз лингвистикадан халықаралық олимпиадада алғаш рет бірден 2 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды  El.kz.

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, бұған дейін команданың ең үздік нәтижесі 1 қола медаль болған болса, осы жолы Аида Дәулетова мен Дарья Пересыпкина өткен жылдардың рекордтарын жаңартты.

– Құрметті Аида, Дарья! Сіздер әлемдегі дарынды оқушыларға арналған ең күрделі зияткерлік олимпиадалардың бірінде жоғары марапаттарға ие болдыңыздер. Былтыр ел қоржынына қола жүлде әкелген Дарьямен кездесіп, құттықтағанымыз есімде. Бойларыңыздағы эрудиция, ақыл-парасат, табандылық және қажырлы еңбектеріңіз жаңа жеңістерге жетелей берсін! Ұстаздарыңызға кәсіби шеберліктері және ата-аналарыңызға қолдау көрсеткендері үшін алғыс айтамын, – деп жазды Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов.

Мэн аралында өткен зияткерлік сайысқа әлемнің 36 елінен 200 оқушы қатысқан.

Бірінші бөлімде оқушылар убых, чам, нцъу, арабана, алабама тілінде бес тапсырма орындады.

Екінші бөлім маньчжур тіліне арналды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға