Жаңалықтар

Халыққа қызмет көрсету орталықтары мұқтаж жандарға үйде қызмет көрсетеді

Халыққа қызмет көрсету орталықтары көмекке мұқтаж жандар үшін қолайлы қызмет түрін енгізді
21.07.2015 05:50 6622

Елімізде мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы жағдай жасауға баса назар аударылып отыр. Осы бағытта Халыққа қызмет көрсету орталықтары да үлес қосып, мұқтаж жандарға қолайлы қызмет түрін ұсынды.

Халыққа қызмет көрсету орталықтары мұқтаж жандарға үйде қызмет көрсетеді

Астана қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының хабарлауынша, мемлекеттік қызметтерді көрсету стандартында кез-келген өтініш беруші немесе оның ресми өкілі ХҚКО-ға өзі келуі тиіс, бірақ мүмкіндігі шектеулі жандар үшін бұл талаптарды орындау кей жағдайда қиынға соғатыны жасырын емес. Осы мәселені ескерген ХҚКО қызметкерлері өздері келіп, азаматтың үйінде қызмет көрсететін болды. Енді әрбір 1-2 топтағы мүгедек жандар ХҚКО қызметтеріне үйінде отырып-ақ тапсырыс бере алады. Ол үшін «1414» қысқа номері арқылы бірыңғай байланыс орталығына қоңырау шалып, өзі жайлы ақпарат беріп, қызметті алуға қажетті құжаттар тізімін анықтап, мекен-жайын айту керек. Ақпаратты қабылдаған байланыс орталығының қызметкерлері тапсырыс берушіге қолайлы уақытты таңдап, ақпаратты сол ауданның ХҚКО бөліміне жібереді. Ал анықталған аудан бөлімі 72 сағаттың ішінде көмекке мұқтаж азаматтың үйіне барып қызмет көрсетеді.

Халыққа қызмет көрсету орталықтары мұқтаж жандарға үйде қызмет көрсетеді

Айта кетейік, Астана қаласы бойынша жалпы, 7 Халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді. Аталған мекемелерде 191 мемелекеттік қызмет түрін көрсететін орталықтарда мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы жағдай жасалған. Есік алдындағы пандус пен шақырту қоңырауынан бастап, арнайы жеңілдік терезесі мен есту-сөйлеу қабілеті төмен жандарға ымдау тілін білетін қызметкерлер де қарастырылған.

Халыққа қызмет көрсету орталықтары мұқтаж жандарға үйде қызмет көрсетеді

Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметіне жүгінген мүкіндігі шектеулі жандар бойынша Қостанай облысы республика бойынша алдыңғы қатарда екен. Жыл басынан бері 991 тұрғын мемлекеттік қызметтерді үйде отырып қабылдаған. Өтінімдердің басым бөлігі Қостанай, Рудный, Лисаковск және Жетіқара қалаларынан келіп түсіпті. Екінші және үшінші орындарда – Ақмола және СҚО. Олар сәйкесінше 835 және 821 қызмет көрсетті.

Халыққа қызмет көрсету орталықтары мұқтаж жандарға үйде қызмет көрсетеді

Маусым айынан бастап Қазақстандық ХҚКО-ларда 35 түрлі жаңа қызметтер іске қосылғанын айта кеткеніміз жөн. Атап айтқанда, енді халыққа қызмет көрсету орталықтарына салық есептілігін қабылдауға/кері қайтаруға, дара кәсіпкерлерге патент беруге, қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап-бағуға жәрдемақы тағайындауға, Қазақстан Республикасына жеке істер бойынша кіруге шақыруларды ресімдеуге және т.б. үшін жүгінуге болады.

Халыққа қызмет көрсету орталықтары мұқтаж жандарға үйде қызмет көрсетеді

«ХҚКО» РМК бас директоры Әсемгүл Балташеваның айтуы бойынша қазіргі уақытта 9 мемлекеттік органның 35 қызметі берілді. «Әзірше осы қызметтердің стандарттары қаралып жатқанда, олар ХҚКО-ларда пилоттық режимде ұсынылатын болады. Оларды бекіткен соң, пилоттық жоба аяқталады және қызметтер ХҚКО-ларда жалпы негізде көрсетілетін болады», –  деп атап өтті.

Жыл аяғына дейін ХҚКО-ларға тағы да 20-дан астам жаңа қызметтер, олардың ішінде инвестициялар және даму, ауыл шаруашылық, әділет, қаржы және қорғаныс министрліктерінің қызметтерін енгізу жоспарланған.


Әзірлеген Тұмар АСЫЛ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға