Жаңалықтар

«Хабар» арнасы жаңа телехикая түсіруде

Қыркүйек айында «Хабар» арнасы жаңа телехикая ұсынады
21.07.2015 04:05 5356

«Хабар» телеарнасы «Ничего личного» атты барлық отбасыларына арналған телехикая түсіруде. Жанры мелодрамалық комедияның соңғы кадрларының түсірілімі аяқталуға жақын. «Хабар» арнасы күзгі маусымды  аталмыш жаңа телехикаямен ашуды жоспарлап отыр.

«Хабар» арнасы жаңа телехикая түсіруде

Телехикаяны «Хабар» арнасының тапсырысына сәйкес «Bernays» компаниясы түсіруде. Он төрт сериядан құралған мелодрамалық комедияда танымал актриса Бибігүл Ақтан, әнші Шер Әлі, Жәния Джуринская, Луина, Данияр Әлшінов секілді өнер өкілдері ойнайды.

«Хабар» арнасы жаңа телехикая түсіруде 

Басты рөлді сомдайтын Бибігүл Ақтан 1991 жылы Қазақстанда өмірге келген. Алайда, ол 1 жасқа толмай тұрып, отбасы Ресейге қоныс аударуына байланысты Бибігүл Мәскеуде бойжеткен. Аталмыш телехикаядағы рөл – Бибігүлдің алғашқы образы емес. Бибігүл бұған дейін «Громовы», «Громовы. Дом надежды», «Сага о хантах», «Трубадур», «Астана любовь моя», «Виртуальная любовь», «Выжить после» секілді танымал кинокартиналарда ойнаған.

«Хабар» арнасы жаңа телехикая түсіруде

– Мені тарихи Отаным, туған жерім Қазақстандық киноларға түсуге ұсыныс алғанда қатты қуанамын, – дейді Бибігүл сұхбат барысында. – Аталмыш телехикаяның түсіріліміне келер болсақ, біздің ұжым өте тату, тамаша актерлерден құралған ұжым. Түсірілімнен тыс уақытта біз үнемі күліп, бір-бірімізбен қалжыңдасқанды жақсы көреміз. Мен сомдайтын образ маған ұнайды. Телехикаяда достық, махаббат, сүйіспеншілік, адамгершілік тақырыптары басым.

«Хабар» арнасы жаңа телехикая түсіруде

Кино желісі бойынша Арсен (Шер Әлі) атақты кәсіпкердің баласы. Ол халыққа қызмет көрсету орталығының күзетшісін соққыға жыққаны үшін сағаттық қоғамдық жұмыс түріндегі жазаға тартылады. Қызық болғанда, гүл отырғызу, көше сыпыру жұмыстарын атқаратын мекеме бұзақылық орын алған жерге жақын маңда болады. Арсеннің достары оның мұндай әрекетін естігеннен кейін, бәс тігуге шақырады. Бұл оқиға – бас кейіпкердің өмірін түбегейлі өзгертуге септігін тигізеді.

«Хабар» арнасы жаңа телехикая түсіруде

– Осы телехикаяда Арсен есімді бай баласының рөлін сомдадым, – дейді Шер Әлі. Ол қыдыруды жақсы көретін ерке жігіт. Лондонда оқыған, ештемеден таршылық көрмеген азамат. Бірде әкесі оған «Әрбір жетістікке өз күшіңмен қол жеткіз» деп, оны сабасына түсіру үшін көлігін, ақшасын бәрін алып қояды. Арсен Цонға жұмысқа тұрады. Осылайша оның өмірінде жаңа парақтар ашылады. Ол махаббатын кездестіріп, қатты өзгереді.

Шер Әлі Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясының эстрадалық-вокал бөлімін тәмамдаған маман. Оның кино саласындағы алғашқы қадамы «Достар» атты телехикаядан бастау алыпты. «Ничего личного» сериалындағы Арсен Шер Әлінің 6-шы рөлі екен. Ол «Олимп шыңы»,  «Сырғалым», «Қыздар» секілді кинокартиналарға түскен. Шер Әлі 20-шілдеден бастап Алматыда түсірілетін жаңа киноға түсуге ұсыныс алғанын айтты.

«Хабар» арнасы жаңа телехикая түсіруде

Бұл телехикаяны қазақстандық-ресейлік топ бірлесіп түсірген. Олардың арасында «Кухня», «Анжелика», «Интерны», «Универ» сынды атақты ресейлік телехикаялардың авторлары бар. Басты режиссер Станислав Булов. Жобаны жүзеге асыру барысында ресейлік топтың түсірілім және пост-продакшн  кезінде пайдаланылатын тәжірибе қолданылды.

«Хабар» арнасы жаңа телехикая түсіруде

«Хабар» арнасы жаңа телехикая түсіруде

Жобаның бас продюсері Александр Сусловтың айтуынша, кастингте көптеген театр әртістері бақтарын сынаған. Театрда өте талантты, мықты әртіс болғанымен, кино актерлері ретінде кейбір талаптар ескеріліп, рөлге сәйкес келмегендер де болыпты. Керісінше, тіпті кино саласына қатысы жоқ бірнеше үміткердің бағы жанып, рөл сомдауға жолдама алған. Мәселен, басты рөлдердің бірін сомдайтын Данияр Алшынов кастингке ойламаған жерден келіпті. Тұрсынбек есімді жігіттің рөлін сомдаған Данияр досына қолдау көрсетуге келіп, режиссердің назарына іліккен. Түсіруші топ іздегендей түрі мен бойы келіскен Даниярға ойда жоқта Тұрсынбектің рөлі бұйырып, абыроймен сомдап шығыпты. Бұл – Даниярдың өнер саласындағы алғашқы қадамы.

«Хабар» арнасы жаңа телехикая түсіруде 

«Хабар» арнасы жаңа телехикая түсіруде

Жаңа телехикая қыркүйек айында көрермендерге жол тартатын болады. Жоба авторлары телехикая көрерменннің көңілінен шығады деген сенімде.


Бақытгүл АБАЙҚЫЗЫ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға