Жаңалықтар

ҚХА әлеуметтік желілерде блогерлер арасында байқау жариялайды

«Тәуелсіз Қазақстанның дамуына қосқан менің үлесім» атты байқауға қатысыңыздар. 
ҚХА әлеуметтік желілерде блогерлер арасында байқау жариялайды
11.10.2018 18:19 3402

Қазақстан халқы Ассамблеясы әлеуметтік желілерде «Тәуелсіз Қазақстанның дамуына қосқан менің үлесім» – «Мой вклад в развитие независимого Казахстана» атты конкурс жариялайды. Қатысушылар аудиториясы – 35 жасқа дейінгі жастар.

Бұл жаста адам білім алып, кәсіп меңгеріп, өмірлік тәжірибе жинақтай бастайды. Белгілі бір саланың маманы атанып, жаныңызға жақын достарыңызбен бірге біздің барлығымыздың сүйікті Отанымыз – Қазақстанмен байланысты өз тағдырыңызды анықтайсыз. Біздің еліміздің болашағы Сіздің белсенділігіңізге, шығармашылық көзқарасыңызға, болып жатқан оқиғаларға және қоршаған адамдарға немқұрайлы қарамайтыныңызға байланысты болады. Сіздің Тәуелсіз Қазақстанның дамуына қосқан үлесіңіз – бұл Сіздің бірегей идеяларыңыз бен ұсыныстарыңыз, амалдарыңыз бен іс-әрекеттеріңіз.

Мүмкін Сіз экологиялық акция өткізген боларсыз, қарт көршіңізге қамқорлық жасаған шығарсыз, әлде бірегей компьютерлік бағдарлама әзірледіңіз бе, немесе шығармашылық топ құрдыңыз ба? Бұл туралы айтып беріңіз. Ең бастысы, бұл қызықты, тартымды және қоғам үшін пайдалы болуы тиіс. Әрине, пост Сіздің азаматтық ұстанымыңызды көрсетіп, айналаға позитив шашып, өзіндік қолтаңбасымен ерекшеленуі тиіс. Оны фотоиллюстрациямен, бейнесюжетпен сүйемелдеуге болады.

Конкурстық комиссия ең көп лүпіл (лайк), пікір (комментарий) жинаған және постты көпке таратқан 15 постты іріктеп алады. Посттардың мазмұнын бағалауға стилистикасы, көркемдеу құралдары мен композициясы тұрғысынан қарайтын сарапшылар тартылатын болады. Комиссия материалдарды мұқият талдағаннан кейін үш жеңімпазды анықтайды, оларға бағалы сыйлықтар қарастырылған: 1-ші орын – ноутбук, 2-ші орын – планшет, 3-ші орын – смартфон.

Конкурсқа қатысушы міндетті түрде Қазақстан халқы Ассамблеясының және «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының аккаунттарын атап өтуі тиіс (ҚХА – assembly.kz; РЖҚ – @jangyrujoly) және #JANGYRUJOLY хэштегін көрсету қажет.

Сіздер үшін бұл – өзіңізді алға жігерлендіріп («PRodвинуть»), өз жетістіктеріңіз, жоспарларыңыз және бастамаларыңыз туралы баяндаудың тағы бір бірегей мүмкіндігі. Комиссияның қарауына 2018 жылғы 8 қазан – 8 қараша аралығында жарияланған посттар қабылданады. 8 қарашадан кейін жарияланған материалдарды Комиссия қарамайды. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға