Жаңалықтар

ҚХА Жастар қозғалысы Алматыда студенттерді спортпен шұғылдануға ынталандырды

ҚХА Жастар қозғалысы Алматыда студенттерді спортпен шұғылдануға ынталандырды
11.04.2019 04:28 2002

Алматы қаласындағы Достық үйінде Жастар жылы аясында Қазақ спорт және туризм академиясы «Жаңғыру жолы» РЖҚ Алматы қалалық аймақтық штабымен бірлесіп ұйымдастыруымен мотивациялық кездесу өтті. 

Аталмыш іс-шара білімді жастарды спортпен щұғылданып, салауатты өмір салтын ұстануға үгіттеу, спорттық мәдениет пен жас тұлғаның адамгершілік негіздерін қалыптастыру мақсатында өткізілді, дейді ұйымдастырушылар.

Өскелең ұрпақтың дене шынықтырумен шұғылдануына деген ниетін ояту мен ынталандыру – ұлт денсаулығының кепілі болып табылады. Бұл өз кезегінде, ел дамуының басымды бағыттарының бірі. Сонымен қатар кәсіби спортпен айналысатын жастар мемлекетіміздің позитивті имиджін құруда сүбелі үлестерін қосып жатқаны белгілі. Атлеттеріміздің ірі әлемдік додаларда көрсетіп жүрген жоғары нәтижелері іс жүзінде қосып жатқан үлестерінің айқын дәлелі бола алады.

Әр азаматтың өз елін сәтті көрсете білу жаһандану жағдайында отансүйгіштіктің айнымас қасиеттері болып табылады деген сенімде шараны ұйымдастырушылар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға