Жаңалықтар

ҚХА техногендік апаттан зардап шеккен Арыс тұрғындарына бір айда 107 млн теңгенің көмегін көрсетті

ҚХА техногендік апаттан зардап шеккен Арыс тұрғындарына бір айда 107 млн теңгенің көмегін көрсетті
23.07.2019 11:37 4895

Апат айтып келмейді. 24 маусымның таңында шаруасын жайғастырып тыныш жатқан Арыс қаласының тұрғындары аяқ асты күтпеген апатқа душар болды. 

Арыс маңына жапсарлас жатқан №44856 әскери бөлімшенің қоймасында ондаған жылдар бойы сақтаулы жатқан әскери снарядтар бірінен соң бірі жарылып, техногендік апат 45 мың тұрғыны бар елді-мекеннің астан-кестеңін шығарды.

ҚХА техногендік апаттан зардап шеккен Арыс тұрғындарына бір айда 107 млн теңгенің көмегін көрсетті

Төтенше оқиға салдарынан үш адамның қаза болғаны туралы белгілі болды. 28 маусымда қала тұрғындары біртіндеп өз үйлеріне оралуға мүмкіндік алды. Арыс қаласы Шымкенттен 85, Түркістаннан 168 шақырым жерде орналасқан шағын қала. Ондағы 7 600 ғимараттың 90 пайызына жуығы зардап шеккен. Бүгінгі таңда олардың барлығы дерлігі қалпына келтірілгені туралы хабарланды.

Жарылыс орын алған туралы ақпарат тараған сәттен бастап бұқаралық ақпарат құралдары мен қарапайым тұрғындар оқиға болған жерден ақпараттарды үзбей беріп жатты. Тұрғындар тез арада Шымкент пен басқа елді-мекендерге көшіріле бастады.

ҚХА техногендік апаттан зардап шеккен Арыс тұрғындарына бір айда 107 млн теңгенің көмегін көрсетті

Қайғылы оқиға орын алған күннен бастап «Арыс, біз біргеміз!» тақырыбымен болған оқиғалар мен қабылданған шаралар туралы ақпараттар ағыны интернет пен теледидар, баспасөз арқылы тұрғындарға таралып жатты.

Ел болып біріккен Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі тұрғындарды дәл сол күні Қазақстан халқы Ассам­блеясы алдыңғылардың бірі болып жұмылдырып, біріктіріп, аймақтардағы барлық фи­лиал­дары арқылы ауқымды гумани­тар­­лық көмекті ұйымдастыра бастады.

Алғашқы көмек Шымкент қаласында орналасқан Достық үйінің ғимаратында көрсетіле бастады. Онда республикалық штаб ашылып, барлық жұмысты үйлестіру сол жердегі басшылар - Мұратәлі Қалмұратов пен Ғани Рысбековке жүктелді.

ҚХА техногендік апаттан зардап шеккен Арыс тұрғындарына бір айда 107 млн теңгенің көмегін көрсетті

Сол күннің өзінде Түркістан облысы мен Шымкент шаһарында техногендік апаттан зардап шеккен отандастарымызға көмек қолын созу жұмысы қызу басталып, хатшылық пен «Қоғам­дық келісім» мекемесінің қызметкер­­лері, этномәдени бірлестіктер өкіл­дері төтенше жағдайға тап болғандар­ға қажетті заттарды жинауға кіріс­іп кетті.

Шымкенттегі штабтан келген жедел ақпаратқа сәйкес алғашқы екі күннің өзінде Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері 51 млн теңгенің көмегін көрсетіп үлгеріпті.

Ең алғашқылардың бірі болып Түркістан облысындағы өзбек этномәдени бірлес­тіктері, әзербайжан қауымдастығы, түрік этномәдени орталығы, «Қазақстан корей­лері қауымдастығы» және бас­қа да республикалық және өңір­лік этномәдени бірлестіктер бір­ден қосыла кеткен. 24 маусым күні сол жердегі этномәдени бірлестіктер 6 эвакуациялық бекетті өз қамқор­лығына алған.

Елордасы – Нұр-Сұлтан қаласында да Достық үйінде арнайы штаб құрылып, қалалық Ассамблея мүшелері мен этномәдени бірлестіктер 3 млн теңгенің көмегін көрсеткен. Ал елордадағы өзбек мәдени бірлестігі төрағасының орынбасары, меценат Хасан Шәріпов суыт хабарды ести салысымен Арыс қаласының тұрғындарына 22 тонна ұн жөнелткені барлығына аян.

ҚХА техногендік апаттан зардап шеккен Арыс тұрғындарына бір айда 107 млн теңгенің көмегін көрсетті

Нұр-Сұлтандағы Достық үйінде құрылған арнайы штаб «Арыс, біз біргеміз!» акциясы аясында 40 тонна азық-түлік, тұрмыстық заттар мен киім-кешек, төсек-орын жинап, оларды арнайы жүк кө­лігімен Арысқа аттандырған. Бұл қайырылымдылық шараға елорданың ҚХА, 23 этномәдени бірлестік пен «Қоғамдық келісім мекемесі, Әзірет Сұлтан мешіті белсенді ат салысты.

Оңтүстік астанамыз - Алматы қаласының этномәдени бір­­лестіктері жұмыла кетіп алғашқы күні 1 млн теңге қаражат, Ақмола облы­сы­­ның Ассамблеясы 2,6 млн теңге көлемінде көмек көрсеткен.

Ақтөбе облыстық Ассамблеясы 3 млн. теңгенің қомақты көмегін ұсынған.

Осы ретте ҚХА мүшелері, этно­мә­дени бірлестіктер төрағалары, ҚХА Кәсіпкерлер қауымдастығының өкілдері «Түркістан» әлеуметтік даму корпоративтік қорына ақша аударуда ерекше үлгі көрсеткенін айта кеткен орынды.

Жалпыреспубликалық акциядан бірде-бір облыстық Ассамблея шет қалған жоқ.

ҚХА техногендік апаттан зардап шеккен Арыс тұрғындарына бір айда 107 млн теңгенің көмегін көрсетті

Тура осындай көмек 2 шілде күні Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мейірімділік керуені» жалпыұлттық қайырымдылық шарасы шеңберінде Алматы қаласынан Арысқа жөнелтілді.

Оның аясында төтенше жағдайдан зардап шеккендер үшін Алматы қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жинаған гуманитарлық көмек, құрылыс материалдары, азық-түлік тиелген – ұзын саны 65 тонна болатын 9 жүк көлігі жөнелтілді.

Өңірлердегі ҚХА құрылым­дары акцияға бел­сенді түрде қатысып, қаражат жинап, балаларға ойыншықтар, шырындар, киімдер, дәрі-дәрмектер жөнелтуді қолға алды.

ҚХА техногендік апаттан зардап шеккен Арыс тұрғындарына бір айда 107 млн теңгенің көмегін көрсетті

«Жаңғыру жолы» ҚХА республикалық жастар қозғалысы 26 маусымда JAQSYLYQJASA жобасы аясында Арысқа көмекке бару үшін еріктілер топтарын жасақтауды ойдағыдай бастап кетті.

Қазақстанның барлық облыстарында ҚХА хатшылықтары мен «Қоғамдық келісім» қызметкерлері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бір күндік жалақыны зардап шеккендерге аудару жөніндегі бастамасын қолдады.

Бүгінде зардап шеккендерге көмек көрсету сан түрлі бағытта өріс алып жатқанын айта кету керек. Мысалы, Елор­далық Ассамблеяның жас­тар қанатының мүшелері апатта жа­ра­қат алғандар үшін қан тапсырса, Түркістандағы Ауғанстан соғысының ардагерлері адамдарды тасымалдауға көлік бөлген. Бірнеше этномәдени бірлестіктің басшылары болса эвакуацияланған адамдарға өз үйлерін босатып берген.

ҚХА техногендік апаттан зардап шеккен Арыс тұрғындарына бір айда 107 млн теңгенің көмегін көрсетті

ҚХА Аналар кеңесі республика бойынша «Арыс балаларына» қайырымдылық акциясын ұйымдастырып, балғындарға киім-кешек, ойын­шық, тазалық заттары, оқу құ­рал­дарын жинады. Сондай-ақ ме­ценаттар мен кәсіпкерлерден зардап шеккен білім ошақтары мен бала­бақшаларды қалпына келтіріп, мектеп оқушыларын жаңа оқу жылына дайындауға көмектесуді қолға алған.

Ал 12 шілдеде Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, оның ішінде Қазақстан өзбектері этномәдени бірлестіктері «Достық» қауымдастығы құрылыс материалдары тиелген 10 жүк көлігін Шымкенттен Арыс қаласына көмек ретінде жөнелтті. Құны 10 млн теңге болатын материалдар апат орын алған аймақтағы Шымкент қаласына бекітілген №10 секторға жеткізілді.

Сайып келгенде, Қазақстан халқы Ассамблеясы 24 маусым мен 20 шілде аралығында 107 млн теңгенің қомақты көмегін көрсеткен екен.

ҚХА техногендік апаттан зардап шеккен Арыс тұрғындарына бір айда 107 млн теңгенің көмегін көрсетті

Оның ішінде Түркістан облысы мен Шымкент қаласы 31 млн теңге, Нұр-Сұлтан қаласы 7 млн, Қарағанды, Ақмола, Ақтөбе облыстары 6 млн теңгеден, Алматы қаласы мен Батыс-Қазақстан облыстары 5 млн теңгеден, Қостанай, Жамбыл облыстары 4 млн, Солтүстік-Қазақстан мен Атырау облыстары 3 млн теңгеден, Маңғыстау, Алматы облыстары 2 млн теңгеден, Павлодар, Шығыс-Қазақстан мен Қызылорда облыстары 1 млн. теңгеден қолдан келген көметерін аямаған.

Республикалық әзірбайжан, ұйғыр, күрд, түрік ассоциациялары мен бірлестіктері мұқтаж жандарға деп 15 млн теңгенің қаражатын аударған.

ҚХА техногендік апаттан зардап шеккен Арыс тұрғындарына бір айда 107 млн теңгенің көмегін көрсетті

Міне, осындай халықтың арқа­сында көп уақыт өтпей-ақ Арыс қа­ласы жарылыстар салған жара­қат­тардан жазылып, балдырғандар болса су жаңа мектептерге баруға әзірленіп, өмір бірте-бірте бұрынғы қалпына келе бастады.

Әсем Жұмабекова

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайынахабарласыңыз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға