Жаңалықтар

ҚХА Төрағасының орынбасары Болгарияның Вице-Президентімен кездеседі

ҚХА Төрағасының орынбасары Болгарияның Вице-Президентімен кездеседі
07.10.2019 10:39 2915

7 қазан күні сағат 12.00-де Нұр-Сұлтан қаласындағы Достық үйінде (Б.Момышұлы даңғылы, 24/9) Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Жансейіт Түймебаевтың Болгария Вице-Президенті Илияна Йотовамен кездесуі өтеді.

Кездесу барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қоғамдық келісім мен ұлттық бірліктің қазақстандық моделі, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласының Достық үйі мен этномәдени бірлестіктердің жұмысы таныстырылып, Қазақстан мен Болгария арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық аясында екіжақты байланыстарды нығайту және кеңейту мәселері талқыланады деп күтілуде.

Айта кетейік, Қазақстанда 4 523 болгар тұрады. Қазақстанға алғаш болгарлардың Украина мен Бессарабиядан қоныс аударуы 20 ғасыр басындағы Столыпин реформасынан бастау алды.

Қазақстанда болгарлар тілін, мәдениеті мен ұлттық дәстүрлерін сақтау мақсатында Нұр-Сұлтанда, Павлодар, Атырау, Ақтөбе және Қарағанды облыстарында Болгар мәдени орталықтары ашылды.

Орталықтар Қазақстан халқы Ассамблеясы өткізетін барлық мәдени іс-шараларға қатысады. ҚХА құрамында – 4 болгар ЭМБ өкілі бар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға