Жаңалықтар

ҚХА-ның 25-жылдығын атап өту кезінде халық мүддесі ескерілуі керек

ҚХА-ның 25-жылдығын атап өту кезінде халық мүддесі ескерілуі керек
22.10.2019 10:21 2331

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Шерзод Пулатов Маңғыстау облысында жұмыс сапарымен болды. Ол облыстық Достық үйінің жұмысымен танысып, өңірдің этномәдени бірлестіктерінің төрағаларымен кездесу өткізді.

ҚХА-ның 25-жылдығын атап өту кезінде халық мүддесі ескерілуі керек

Дөңгелек үстел басындағы пікір алмасуға облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының хатшылық меңгерушісі Гүлжан Исмурзина, «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Аманкүл Жайылханова да қатысты.

ҚХА-ның 25-жылдығын атап өту кезінде халық мүддесі ескерілуі керек

Кездесуде облыстық ассамблеяның жұмысы туралы есебі тыңдалып, алдағы жоспарлары талқыға салынды. Шерзод Аббозұлы өз сөзінде кездесуге қатысушылардың Ассамблея жұмысының өзектілігін арттыру мақсатындағы ұсыныс-тілектерін тыңдауға дайын екендігін айтып өтті. 

ҚХА-ның 25-жылдығын атап өту кезінде халық мүддесі ескерілуі керек

«Осы уақытқа дейін еліміздің барлық өңірлеріндегі Достық үйлерін аралап, этномәдени бірлестік өкілдерінің ұсыныстарына құлақ қойып келеміз. Сіздердің де Ассамблея жұмысын дамыту мақсатында ұсыныстарыңыз, жаңа идеяларыңыз бар екендігіне сенімдімін. Алдағы уақытта бұл жерде айтылған ой-кеңестеріңіз Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін жандандыруға, жаңа серпін беруге көмектеседі деген ойдамын»,- деді этномәдени бірлестіктер мен ассамблеяның жұмыс органының арасында конструктивті байланыс орнатуға ұмтылған Ш.Пулатов.

ҚХА-ның 25-жылдығын атап өту кезінде халық мүддесі ескерілуі керек

Сонымен қатар, Шерзод Пулатов Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдық мерейтойына байланысты ұйымдастырылатын іс-шаралардың халық үшін маңызды мәселелерді қамтуына мән арту керек деді. «Қазақстан халқы Ассамблеясы – түрлі этнос өкілдерін ғана емес, тұтас ұлтты біріктіретін қоғамдық-азаматтық институт. Сондықтан, күллі қазақстандықтардың ортақ мерейтойында халықтың мүддесін естен шығармау керек. Ол үшін іс-шаралар жоспары жасақталған кезде жергілікті тұрғындардың әлеуметтік әлеуеті мен экономикалық белсенділігі, тұрмыстық мұқтажы ескерілгені абзал», - деді Шерзод Пулатов.

Айта кету керек, Маңғыстау облысындағы өткен жылы ғана пайдалануға берілген су жаңа Достық үйінің замануи үлгідегі құрылысы мен техникалық жабдықталуы көңілден шығады. Бұл туралы Достық үйінің әкімшілік ғимаратын аралаған кезінде Шерзод Аббозұлы да атап өтті.

Бөлісу:

Нұргүл Қалиева 

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады.



Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға