Жаңалықтар

ҚХА мен Қазақ радиосы Алғыс айту күніне орайластырылған қайырымдылық радио-видеомарафонын бастап кетті

ҚХА мен Қазақ радиосы Алғыс айту күніне орайластырылған қайырымдылық радио-видеомарафонын  бастап кетті
19.02.2019 10:53 2881

Қазақстан халқы Ассамблеясы және «Қазақстан» РТРК АҚ құрамына кіретін  «QAZAQ RADIOLARY» ЖШС 1 наурыз Алғыс айту күніне арналған «МЫҢ АЛҒЫС» қайырымдылық шарасының аясында 11-28 ақпан аралығында өтетін «Қайырымдылықтан қалыс қалма! Алғысқа бөлен!» радио-видеомарафонын  бастап кетті.

Осы аралықта «QAZAQ RADIOLARY» серіктестігіне қарасты   «SHALQAR», «ASTANA», «CLASSIC» және «QAZAQ RADIOSY»  радиоларының эфирлеріне еліміздің белгілі қоғам қайраткерлері, өнер майталмандары және меценаттар шақырылып, адамның бойындағы ең асыл қасиеттерінің бірі - қайырымдылық туралы ойлары мен тілектерін ортаға салады.

Қазақ радиосындағы: «Заңгер кеңесі», «Денсаулық», «Бірінші байлық», «Бармысың, бауырым?», «Кәсіп-нәсіп» хабарлары осы шара аясында әр сала бойынша арнайы мамандарды студияға шақырып, қайырымдылық тақырыбында пікірлерімен бөліседі.

Дәстүрге айналған қайырымдылық жобасы биыл Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірге ұйымдастырылып отыр.

Айта кетейік, 2017 жылдан бастап, осы уақытқа дейін аталмыш шара аясында мұқтаж жандарға 56 млн тг қаражат көлемінде көмек көрсетілді.

Биыл да арнайы құрылған қорға жиналған қаражат 1 наурыз күні «Бейбітшілік және келісім сарайында» «Мың алғыс» қайырымдылық  концертінде табысталатын болады.

Қол ұшын созып, қаржылай қолдау көрсеткісі келетін азаматтарға «Уақып» Қазақстандық қорының» есеп-шоты ашық деп жариялаймыз.
 

«УАҚЫП» Қазақстандық қоры» корпоративтік қайырымдылық қоры»

Заңды мекен-жайы: 010000, Астана қ., Қабанбай батыр даңғ., 28 үй, офис 5,    

БСН: 170740000147

ИИК: KZ 136010111000051511 ( KZT) 

БИК: HSBKKZKX

ЖСН: 620500086324

Банк: «Қазақстанның Халық Банкі» АҚ

Президент: Азимов  Кайрат  Муратович

Анықтама тел.: 75-71-57

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға