Жаңалықтар

ҚХА МҮШЕЛЕРІ МЕМЛЕКЕТТІҢ ДАМУЫНА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ҮШІН МАРАПАТТАЛДЫ

ҚХА МҮШЕЛЕРІ МЕМЛЕКЕТТІҢ ДАМУЫНА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ҮШІН МАРАПАТТАЛДЫ
14.12.2018 06:00 3218

Үкімет үйінде Ассамблея Төрағасы – Мемлекет басшысының атынан Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері төсбелгілермен және грамоталармен марапатталды.

Ерекшелік белгілерін Төрағаның орынбасары – ҚХА хатшылығының меңгерушісі Леонид Прокопенко табыс етті.

Ол барлық марапаттардың артында үлкен еңбек пен күш-жігер тұрғанын атап өтті. Еліміз бойынша мемлекеттік наградалар, Қазақстан халқы Ассамблеясының марапаттары тапсырылуда.

«Алда біздің басты ұлттық мереке – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні. Біз тәуелсіздіктің осы 27 жылында миллиондаған адамдардың еңбегімен қолдау тапқан Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саяси ерік-жігерінің арқасында ғана бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп отырмыз», – деді Леонид Прокопенко.

Леонид Прокопенконың айтуынша, Ассамблеяға көптеген адамдар лауазымдық тағайындалуымен келмейді, олар өз ықыласымен қазақстандықтар «бейбітшілік пен тыныштықта өмір сүруі» үшін қызмет етуге келеді.

Марапаттау мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі еңбегі, елдің әлеуметтік, экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін берілетін ордендерді табыстаудан басталды.

 

ҚР Президентінің 2018 жылғы 5 желтоқсандағы № 798 Жарлығымен ІІ дәрежелі «Достық» орденімен «Әзірбайжан қауымдастығы» РҚБ басшысы Абилфас Хамедов, «Құрмет» орденімен «Ахыска» түрік ұлттық орталығы» ҚБ төрағасы Латипша Асанов және Л. Гумилев атындағы ЕҰУ жанындағы «Этносаралық қатынастар және Қазақстан халқы Ассамблеясының толеранттылығы» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Сатай Сыздықов марапатталды.

 

Астана қаласының «Дустлик» өзбек мәдени орталығы» ҚБ төрағасының орынбасары Хасан Шәріповке «Ерен еңбегі үшін» медалі табыс етілді.

 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 21 қарашадағы № 792 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының және астанасының қалыптасуына және дамуына айтарлықтай үлесін қосқаны үшін Ақмола облысы Целиноград ауданы «Родина» ауылдық округінің әкімі Белла Газдиеваны, «Өмір тынысы» қоғамдық бірлестігінің басшысы Жәнібек Оспановты, «Қазақстандық жеке медициналық құрылымдар қауымдастығы» ЗТБ төрағасы Гүлнәр Өтепованы, «Lituanica» ҚБ төрағасы Виталий Тварионасты «Астана 20 жыл» мерекелік медалімен марапаттады.

 

Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің 2018 жылғы 20 қарашадағы шешімімен ҚР Тәуелсіздігі мен халық бірлігін нығайтуға, мәдениетаралық диалог, қайырымдылық пен қазақстандық патриотизмді дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін «Бірлік» қоғамдық медалімен ҚР Президенті Әкімшілігінің «Қоғамдық келісім» РММ жетекші маманы Камал Әлпейісова, ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары, «Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығы» ЗТБ төрағасы Владимир Божко марапатталды.

 

ҚР Парламенті төменгі палатасының вице-спикері атап өткендей, Ассамблеяның депутаттық тобы барлық заң шығармашылық істерде ҚХА мүддесін іздеуге және оларды заңнамалық негіз арқылы қорғауға тырысады. Ол Наталья Жұмаділдаева ұсынысының арқасында Конфессияаралық қатынастарды нығайтуға ықпал еткен елдің бас заңына өзгеріс енгізілгенін атап өтті.

«Біздің Президентіміз әрдайым біздің табыстарымыздың, жетістіктеріміздің негізі – еліміздегі бейбітшілік пен келісім екенін айтады.  Қазақстан тәуелсіздігінің бастауында көптеген сарапшылар этникалық қағидаттар бойынша құлдырауды болжалдаған болатын. Алайда Елбасының дана саясатының арқасында біз бүгін бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп отырмыз», – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты.

 

 

Сонымен қатар «Астана 20 жыл» мерекелік медалімен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры (Алматы қаласы) Тахир Балықбаев, «Қоғамдық келісім» РММ қызметінің басшысы Әділ Дүйсенбиев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Наталья Жұмаділдаева, «Ахыска» түрік жастары дүниежүзілік ұйымының төрағасы Исмихан Касанов, «Astana Profi Group» компаниясының директоры Артур Ким, «Әзірбайжан қауымдастығы» РҚБ Кеңесінің мүшесі Бахтияр Мирзоев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Шаймардан Нурумов және ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ақтоты Райымқұлова марапатталды.  

 

 

Леонид Прокопенконың қолынан Қазақстан халқы Ассамблеясының Құрмет грамотасын ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ бас сарапшысы Әбдімомын Асылов, Астана қаласының «Вайнах» шешен-ингуш мәдени орталығы төрағасының орынбасары Ахмед Докаев, «Дуслык» татар білім беру мәдени орталығы» ҚБ құрылтайшыларының бірі Роза Қонақбаева, ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ қызметі басшысының орынбасары Сәуле Қоянбаева және Корпоративтік хатшының орынбасары – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Корпоративтік хатшы қызметінің басшысы Жәрдем Құрманғазиев алды.

ҚХА атынан Парламент Мәжілісінің депутаты Ахмет Мурадов бейбітшілік пен келісімді сақтауға үлес қосқан Ассамблеяның әрбір мүшесінің еңбегін бағалағаны үшін алғыс айтты. Сондай-ақ ол «Қоғамдық келісім» РММ мен ел өңірлерінің ассамблеяларының жемісті жұмысын ерекше атап өтті.

Марапаттау рәсімі аяқталғаннан кейін ҚХА хатшылығының меңгерушісі барша қазақстандықтарды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтап, қазақстандықтарға бақыт, денсаулық, амандық, тұрақтылық тіледі.

ҚР Президенті атынан ҚХА мүшелерін марапаттау фоторепортажын мына жерден көре аласыз

 

Нұргүл ШАТЕКОВА

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайына хабарласыңыз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға