Жаңалықтар

ҚХА Көкшетау мен Петропавлда жаңа туған сәбилердің аналарына бір-бір домбырадан сыйлады

ҚХА Көкшетау мен Петропавлда жаңа туған сәбилердің аналарына бір-бір домбырадан сыйлады
11.07.2019 11:41 4993

Ұлттық домбыра күні аясында Ақмола облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы «Қасиетті домбыра» акциясын өткізді. Оның аясында Ақмола ассамблеясының өкілдері облыстық перинаталдық орталыққа барды.

DSC_0255.JPG

Осы күні бірінші болып дүние есігін ашқан екі сәбиге Аналар кеңесінің төрайымы Зере Қиықова және «Қазақ тілі мен мәдениеті» ҚБ төрағасы Мейрамбек Қиықов бата-тілектерін арнап, облыстық ассамблеяның төрағасы атынан Елубаев пен Уалиханов жанұяларына бір-бір домбырадан тарту етті.

Осы сыйлық сәбилердің рухани қалыптасуына негіз болып, бірнеше жылдан соң олар өз өнерімен еліміздің даңқын шығарады деген сенім мол дейді шараны ұйымдастырушылар.

Петропавлда да ҚХа өкілдері жаңа туған сәбиді Ұлттық домбыра күнімен құттықтады.

sQLnoZKGGH0.jpg

Солтүстік Қазақстан обыстық Қазақстан халқы ассамблеясы қазақ халқының басты аспабы – домбыраны осы күні дүниеге келген алғашқы сәбиге сыйға тарту етті.

Жас ана жылы лебіздерді қуана қабылдап, барлық қазақстандықтарды ұлттық домбыра күнімен домбыра күнімен құттықтады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға